Балаларісіктерінің негіздері шығатын ісіктер, ұлдардың аталық безінің, бүйрек ісі--
гі мен бүйрек үсті безінің ісігі және лейкоз ісіктері өте
жиі;
5 - 9 жас аралығында – мидан шығатын ісіктер;
10 - 14 жас аралығында – лимфа түйінінен шығатын
ісіктер, сүйек ісіктері, қыз балаларының аналық без--
дерінен шығатын ісіктері мен қалқанша без және ауыз
– мұрын қуысы ісіктері жиі кездеседі.
Балалар саны 4 248 600 болатын біздің елімізде (2003ж),
жекелей әр облыс бойынша: Шығыс Казақстан обл-да 100
мың балаға шаққанда – 11 балада; Солтүстік Казақстанда
– 9; Алматы қаласында – 8,2; Батыс Қазақстан мен Атырау
обл-да – 8,1; Қызылорда мен Қостанай обл-да – 8,0 балада
қатерлі ісік кездескен. Яғни, бұл айтылған облыстардадағы
ауру көрсеткіші (ҚР бойынша – 7,8) Республикалық
көрсеткіштен жоғары.
Балалардағы қатерлі ісіктерді дер кезінде анықтау өте
қиын мәселелердің бірі. Ісіктердің –50% жуығы іштен туа
пайда болады (медуллобластома, астроцитома, ретино--
бластома, гепатобластома, нефробластома, нейробласто--
ма, тератобластома т.с.с) және олардың басым көпшілігі
көзге түспейтін жерде орналасады (бас сүйегінің ішінде
– мида; іш қуысы мен оның артқы бөлігінде – бауырда,
бүйрек пен бүйрек үсті безінде т.б), енді осыған сәбилердің
шағымданбауын қосатын болсақ, яғни олардың ауруын
білдіре алмауын, онда бұл ісіктерді уақытында анықтау
дегеніңіз өте бір күрделі мәселе екені сөзсіз.
Көбінесе, ісікті алғаш анықтайтын баланың ата-ана--
лары. Баланы шомылдыру, киіндіру кезінде баланың дене--
сінен – ісінген, қатты-тығыз затты байқап, сезіп, дәрігерге
жүгінеді. Ал, бала дәрігерлері – балаларда кездесетін ісік
түрлерін білмесе, яғни оларда “онкологиялық қырағылық
болмаса, онда дер кезінде анықтау дегеніңіз бос сөз. Сөзімнің
дәлелі болуы үшін – жылына анықталатын жоғарыда
•
•