Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет14/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)
SIW ICT 2020
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
көрсеткен науқастардың 30% ғана бізге емделуге келеді 
және де, олардың 40-50% ауруын асқындырып ісіктің III-IV 
өсу дәрежесімен түседі. Ал, қалғандары жете алмай, немесе 
дер кезінде анықталмай, басқа дәрігерлерде (емшілерде) ай--
лап тексеріліп, жылдап емделіп жүріп алады. Шетінейтінде--
рі, негізгі емге жете алмай жолда қалады. Бұған себеп: 
1) балаларда қатерлі ісіктердің сирек кездесуі, соған 
орай дәрігерлердің балалар ісігімен таныстығының аздығы, 
яғни дәрігердің тәжерибесінің жетіспеуі
2) жалпы емдеу жүйесіндегі дәрігерлерде – балаларда 
кездесетін ісіктер туралы «онкологиялық қырағылықтың» 
төмендігі, яғни олардың балалар ісіктерін білмеуі; 
3) ісіктердің көпке дейін білінбей өсуі және көзге 
көрінбейтін қалтарыста орналасуы, осыған қоса, балаларда 
кездесетін басқа да ауруларға тән – жалпылама белгілермен 
бүркемеленуі; 
4) елімізде арнайы бала онкологтарын дайындамай-
тындығы (қазіргі таңда Республикада – 6+1 дәрігерлер 
жоғарғы оқу орындары болғанымен, бала онкологиясы пәні 
– тек Асфендияров атындағы ҚҰМУ-ің бала емдеу факуль--
тетінде ғана беріледі, оны жүргізетін – автор); 
5) әр облыс орталықтарында облыстық онкологиялық 
диспансерлер болғанымен, бала онкологтарының жоқтығы, 
жетіспеушілігінен т. б. с.с -лар.
Бала онкологиясы – медицинаның жас, жаңа ілімі. Елі--
міздегі мемлекеттік деңгейде ұйымдастырылған – үлкен кі--
сілерге көрсетілетін онкологиялық көмекке қарағанда, әлі 
буыны қатаймаған, атына заты сай, солардың көлеңкесінде 
тұрған – ілім. 
Бүгінгі таңда, медицинаның ауқымы кеңейген за--
манда, егер ісік дер кезінде анықталып, дер кезін--
де мамандандырылған орталыққа түсіп емделер болса, 
балалардың 60 – 70% осы қатерлі ісктен толық жазылып 
шығуына мүмкіндігі бар.


23


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет