26
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
Аспирациялық биопсияны жасау әдісі (методикасы)
қарапайым болғанымен дұрыс жасалынуы керек, себебі ма--
териалды алу техникасы, оны өңдеуі, препаратты бояуы т.с.с
қорытындының дұрыс шығуына тигізер әсері көп. Барлық
зерттеулер жансыздандыру арқылы, ал құрсақ қуысының
пункциясы, кеуде қуысының, жамбастың, құрсақ артындағы
кеңістіктің ісіктеріне - релаксанттарды қолданылуымен
жүргізіледі. Пункция кезінде патологиялық ошаққа ең
қысқа жолды таңдайды. Инеге 20 гр. шприцті жалғап, 2
және 3 сорғыш қозғалыстармен иненің қуысына тіндік
сұйықтықты алады. Осылайша ісіктің әртүрлі аумағынан
материал алуға болады. Осыдан кейін шприцты инеден ажы--
ратып, заттық әйнекке жұғынды жасайды. Егер материал аз
болса, онда пункцияны қайталайды Үлкен көлемдегі ісік--
тер мен түйіндердің конгломераттарына әртүрлі аумақтан
пункция жасаған жөн. Бірнеше препаратты дайындау үшін
көбірек материал алу керек. Цитологиялық зерттеудің
көмегімен дұрыс морфологиялық диагнозды 75 % жағдайда
қоюға болады. Сонымен қатар, қазіргі диагностикалық
аппараттардың көмегімен УДЗ, КТ, МРТ-ны пайдаланып
жасалынған пункциядан, материалдың алынуы мен оның
нәтижесі жоғарырақ болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: