Онкологиясы


Дертті анықтау үшін жасалынатын



Pdf көрінісі
бет18/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)
SIW ICT 2020
Дертті анықтау үшін жасалынатын 
(диагностикалық) операциялар
Диагностикалық операциялар онкологияда кеңінен 
қолданады. Диагнозды басқа жолдармен анықтай алмағанда, 
сонымен қатар ісікке морфологиялық талдау (верифи--
кация) жасау үшін қолданылады. Емнің нәтижесі ісіктің 
гистологиялық түріне, оның жасушалық элементтерінің же--
тілу дәрежесіне тәуелді болып келеді.
Негізінен диагностикалық операциялар (лапоротомия, 
торакотомия және т.б) мен эндоскопиялық зерттеулер (га--
строскопия, лапороскопия және т.б) – жеке операция болып 


27
Балалар ісіктерінің негіздері
табылады. 
Биопсия
– гистологиялық және цитологиялық 
әдістермен тіндерді микроскоп арқылы зерттеу үшін 
қолданылатын әдіс. 
Инцизионды биопсия 
патологиялық ошақ тінінің 
бір бөлігі зерттеуге кесіп алынуы. Бұл әдісті көбінесе үлкен 
ошақтың зақымданулар кезінде қолданады. Зерттеуге алы--
натын тіннің бөлігін алу белгілі бір ережелерге сәйкес орын--
далады.
Биопсияның үшінші түрі – 
пункционды биопсия
(тре--
панобиопсия). Ол арнайы инелермен жүргізіледі, ол үшін 
ісікті кесу арқылы немесе ісік орналасқан жердегі теріні 
тесу арқылы немесе операция кезіндегі анықталған ісікке 
инені енгізіп, жұғынды (материал) алу арқылы орындалады. 
Бұл инструменттің көмегімен гистологиялық зерттеу үшін 
тіндер алынады. 
Балалардағы диагностикалық операцияны жасау үшін 
хирург үлкен операцияға дайындалуы керек, топографо- 
анатомиялық бұзылыстар мен даму ақауларына байланысты 
стандартты емес жағдайлардың болып қалуына дайын болу 
керек.
Көптеген жылдар бойы онкологтар қолайлы операция 
түрлерін құрастырып жетілдірді, онкология - қазіргі заманғы 
хирургияның дамуына зор ықпалын тигізді. Қазіргі кезде 
қатерлі ісіктердің емі - хирургиямен бірге сәулелік және 
дәрілік емдерді қамтиды. Соңғы жылдары қатерлі ісіктер--
ді емдеуде иммунотерапия да қарастырылуда. Сондықтан, 
ісіктердің емі өте қиын, ол тек арнайы білімді ғана талап 
етпейді, сонымен қатар, өте қымбат сәулелік емді өткізетін 
аппараттарды, әр түрлі химиотерапиялық және басқа да 
цитостатикалық препараттарды қолдануды қажет етеді. 
Қатерлі ісіктерді емдеудің арнайы әдістерін таңдау емнің 
морфологиялық құрылымына, сезімталдығына байланысты 
болады.


28


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет