Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет19/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)
SIW ICT 2020
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
Емнің түріне байланысты ерекшеліктері:
а) хирургиялық емді талап ететін көптеген ісіктерде 
топографо-анатомиялық қарым-қатынастың бұзылуы кез--
деседі. Нәрестелерде ағзалардың қарым-қатынасы дұрыс 
қалыптаспағандықтан әрі байланыс аппараттары толық 
нығаймаған-дықтан, май қабаттары (клетчатка) нәзік, эла--
стикалы болады, ал қатерлі ісік өсе келе осы жағдайды пай--
далана отырып тез арада олардың қалыпты қатынастарын 
бұзады. Бұл хирургтар үшін операция кезінде қиындықтар 
тудырады. Ісіктермен зақымданған мүшелердің қалыпты 
орналасуының өзгергендігін әр түрлі нұсқауда (вариант--
тарын) байқауға болады. Кейбір кезде бүйректердің кіші 
жамбаста орналасуы немесе, сау бүйректер нейробластома 
әсерінен кіші жамбасқа ығысуы мүмкін, т.с.с-лар. Мұндай 
кезде ісік – көкетті жоғары қарай ығыстырып, бүйректің 
бөліктері анықталмай да жатады. Балалар бүйректерінің 
қозғалғыштығына байланысты, екі бүйрегі де ығысуы 
мүмкін. Нейробластома өте үлкен өлшемге жететіндіктен
бүйректі бірден көлденең және ұзына бойы ығыстырып, 
оның анықталуын қиындатады .
б) әр түрлі даму ақауларының қосарлануы да хирургиялық 
емді қиындатады (әсіресе , зәр шығару жүйесінің ақаулары). 
Сондықтан, тек ісікті алу ғана емес, ақауларды да түзету 
қажет болады. Немесе, осы қосымша қиындықтардың 
әсерінен ісікті толық алу мүмкіндігі жоғалады.
в) сәбилерге өте үлкен операцияның жасалынуы әрі 
алынуы қиын жерде орналасқан ісіктердің көптеп кездесуі: 
іш перде артындағы кеңістікте, бас қауашағы ішінде т.б.
г) аз мөлшерде кететін қанның өзі балаларға қауіпті. 
Сәбилердің қан кетуге аса сезімталдығы және оның ор--
нын толтырудың қиындығы. Іш перде артындағы кеңістікте 
орналасқан ісікті алу кезінде, көбіне өте үлкен патологиялық 
кеңейген көк тамырлар (веналар) жолығады, сондықтан қан 


29


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет