Онкологиясы


Балалар ісіктерінің негіздері



Pdf көрінісі
бет8/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

Балалар ісіктерінің негіздері
кезіндегі кешкен қиыншылықтары мен оның осыларға 
төзген күш-жігері және ата-анасының басына түскен уайым-
қайғысы, баланың «өмір сүруге деген құштарлығы» – сөзсіз 
сізден, онкологтардан қас батырлықты – адами қасиеттің ең 
жоғарғы тазалығын, білім мен білгірліктің ұштасқан шыңын 
қажетсінеді, онсыз алдың бұлыңғыр, мақсатың мардымсыз 
болмақ.
Осы кітапты жазу кезінде маған көмектескен: 
кафедрадағы әріптес ағаларыма, Қазақтың онкология және 
радиология Ғ.З.И-ның «Балалар онкологиясы» мен «Рент--
генология, КТ-МРТ» бөлімшелеріндегі әріптес дәрігерлерге 
және осы еңбектің жарыққа шығуына ат салысқан барша 
азаматтарға – Аллаhтың разы болуын тілеймін.
Автор


14
І
ТАРАУ
БАЛАЛАР
ІСІКТЕРІНІҢ
 НЕГІЗДЕРІ
1.1 Балалар онкологиясы
1.2 Қатерлі ісіктердің пайда болу себептері
1.3 Еліміздегі балалар онкологиясының жағдайы
1.4 Балалар ісіктерінің ерекшеліктері
1.5 Ісік ауруларын тіркейтін құжаттар
1.6 Тест сұрақтар
1.7 Қолданылған әдебиеттер


15
Балалар ісіктерінің негіздері
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
Үлкен кісілердегі ісіктер сияқты – балаларда кезде--
сетін ісіктер де сонау заманнан белгілі (ежелгі Египеттегі 
Гиза маңынан табылған сүйектерден) болған. Балалар ісік--
тері туралы Гиппократтың еңбектерінен оқуға болады (бала 
сүйектеріндегі дөңгелек «ядро» таңбаларынан т.б). Ісік 
түйіндерінің сыртқы бет-пішіні жағынан жан-жағына жайы--
лып өсуіне байланысты – «рак -шаян», ал ісік тінінің балық 
етіне ұқсас болуын – «саркома» деп аталуларын Гиппократ 
берген көрінеді. Сонымен қатар, Абу-Али ибн Сина (Ави--
ценна) да операция кезінде ісікті толық, кеңірек кесіп алып, 
орнын қызған темірмен күйдіріп кету керектігін айтқан. Бұл 
қағида әлі күнге дейін қолданылуда. 
Балалар ісіктері туралы негізгі ғылыми деректер ХІХ 
ғасырдың аяғынан бастап жарық көре бастады. 1832 жылы 
ағылшын дәрігері Томас Ходжкин лимфа түйіндерінен 
шығатын ісіктер туралы жазса, 1889 жылы немістің патоло--
гоанатомы Макс Вилмс бүйрек ісігі туралы монографиясын 
жарыққа шығарды. Ал, алғашқы ғылыми тұрғыдағы еңбек 
1940 жылы Америкада жарық көрді (Wels). 
Бала онкологиясына – екінші дүние жүзілік соғыстан 
кейін ғана көңіл бөліне бастады. АҚШ-да алғашқы балалар 
онкология бөлімшесі 1956 жылы құрылды. ТМД елдерін--
де, оның ішінде Ресейде балалар онкология бөлімшесі 1962 
жылы Москвада Л.А. Дурновтың басшылығымен облыстық 
балалар хирургия ауруханасында ашылды. Кейіннен, Кеңес 
Одағы кезінде жалғыз орталық болып, Онкология инсти--
тутына көшіріледі де, қазіргі таңда, Блохин Н.Н атындағы 
Россия онкология орталығы жанында Бала онкологиясынан 
ҒЗИ болып жұмыс жасауда. 
Қазақстанда З.Б.Нұрғалиевтің ұйымдастыруымен 1972 


16


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет