Онлайн-конференцияға қатысуға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының, колледжерінің профессорлық-оқытушылық құрамы, «Өрлеу» баұО»



Дата12.03.2018
өлшемі196,97 Kb.
#39130
Филиал АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу»

Институт повышения квалификации педагогических работников

по Акмолинской области



Ақпараттық хат

2017 жылдың 21 ақпанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтер мен оқушылардың функионалдық сауаттылығын дамыту үрдістері» республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясын өткізеді.

Онлайн-конференцияға қатысуға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының, колледжерінің профессорлық-оқытушылық құрамы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының, облыстық білім басқармаларының қызметкерлері, мектепке дейінгі және орта білім беру басшылары, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, әдіскерлер және зерттеу проблемасына қызығушылық танытушы басқа да тұлғалар шақырылады.

Онлайн-конференцияның өзектілігі: педагогтер мен оқушылардың күнделікті жұмыс барысында қолданатын функционалдық проблемаларды шешу тәсілдері мен пәндер жиынтығы, пәнаралық, ықпалдастырылған білім, білік, дағдыларды көрсететін заманауи орта білімнің қажетті құрамды бөлігі ретінде функционалдық сауаттылықты дамыту қажеттілігіне негізделген.

Онлайн-конференцияның мақсаты: Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту мәнмәтінінде педагогтер мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.

Міндеттері:


  • Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтер мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру проблемаларына теориялық-әдіснамалық талдау жасау;

  • Педагогтердің педагогикалық жоғары оқу орындарында, колледждерде оқуы және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарында біліктіліктерін арттыруы арқылы функционалдық сауаттылықтарының даму үрдістерін анықтау және теориялық негіздеу;

  • Оқушылардың үш бағытта – оқу сауатттылығы, математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы бойынша функционалдық сауаттылығын дамыту үшін оқытудың жаңа тәсілдерін, интерактивті технологияларын қолдану тәжірибесімен алмасу.

Онлайн - конференцияның негізгі бағыттары:

1. Педагогикалық кадрларды даярлау сабақтастығы арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту үдерісі: колледж - ЖОО - мектеп.

2. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда педагогтің кәсіби дамуының үздіксіз өсуі саласындағы мониторингтің ролі.

3. Сыни ойлауды дамыту технологиясы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.

4. Мектепте оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамытудың ұйымдастырушылық- педагогикалық негіздері.

5. Педагогтердің функционалдық сауаттылығын дамытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері.

6. Білім нәтижелеріне қол жеткізу табыстылығын қамтамасыз ететін логикалық, сыни және сындарлы ойлауды қалыптастыру үшін оқытудың жаңа тәсілдерін, интерактивті формалары мен әдістерін енгізу.

7. Білім мекемелерінің оқыту үдерісінде оқушылар мен педагогтердің функционалдық сауаттылығын дамыту үдерісін ұйымдастырушылық-басқарушылық, ғылыми-әдістемелік және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.

8. «Қоғамдық-Белсенді мектеп» жобасы аясында әлеуметтендіру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Онлайн – конференцияның басталуы: 11.00-де (қосылу-10.30-да).

Онлайн-конференцияға қатысу тәртібі

    Онлайн-конференцияға қатысуға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының, колледжерінің профессорлық-оқытушылық құрамы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының, облыстық білім басқармаларының қызметкерлері, мектепке дейінгі және орта білім беру басшылары, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, әдіскерлер және зерттеу проблемасына қызығушылық танытушы басқа да тұлғалар шақырылады.

Жұмыс тілдері: қазақша, орысша.

Онлайн-конференцияға қатысу үшін: online.ripkso.kz/akmola кабинетіне кіру қажет.

Материалдар kafedra.akmola@mail.ru электронды поштасы арқылы 16.02.2017 жылға дейін қабылданады.

Автордың баяндамасы   Power Point презентациясы арқылы сүйемелденуі тиіс.

Өтінім мен жұмыс бөлек файлдарда ресімделгені жөн.

Тезисті құру кезінде келесі бағалау критерийлері ескерілуі тиіс:



  • жұмыстың өзектілігі

  • мазмұнның конференция тақырыбына сәйкестігі

  • Жұмыстың ғылымилығы

  • тақырыптың ашылуының толықтығы

  • жұмыстың практикалық маңыздылығы


Онлайн-конференция қорытындысы бойынша баяндамалардың электронды жинағы шығарылып, «Өрлеу» БАҰО» АҚ –ның Ақмола облысы бойынша филиалының сайтына www.akmol-orleu.kz орналастырылады.


Құжаттарды ресімдеу талаптары және өтінім үлгісі №1,2 қосымшаларда берілген.

Барлық сұрақтар бойынша «Инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасына келесі телефон номерлеріне хабарласуға болады: 87162 255562, 8705226391 (Суюндыкова Баян Сабитовна), 87012633399 (Омарова Сауле Жанбуриновна), 87011742885 (Абдрахманова Рысты Темиртасовна)


Қосымша 1



Өтінім

Тегі, аты, әкесінің аты (толық) _____________________________________

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ________________________________________

Жұмыс орны, лауазымы ______________________________________________

Байланыс телефоны __________________________________________________

Электронды пошта____________________________________________________

Баяндама тақырыбы _________________________________________________________

Қосымша 2



Баяндама тезистерін ресімдеу талаптары

  1. Тезистің көлемі 5 парақтан аспауы қажет.

  2. Тіркелу формасы МS Word мәтіндік редакторында жазылуы тиіс

  3. Парақ өлшемдері: жоғарғы жолақ – 2 см, төменгі – 2 см, сол жақ – 3 см, оң жақ – 2 см.

  4. Шрифт: Times New Roman, кегль 12

  5. Аралық интервал: 1 интервал

  6. Мақаланың атауы бірінші жолда бас әріптермен басылады; қалың шрифт, ортасында теңестіріледі. Екінші жол бос. Үшінші жолда автордың тегі, аты-жөні қысқаша жазылады; қалың курсив шрифтпен, оң жағынан теңестіріледі. Төртінші жолда ұйымның, қаланың толық атауы, қалың курсив шрифтпен, оң жағынан теңестіріліп жазылады. Бесінші жол бос. Алтыншы жолдан мақаланың мәтіні басылады

  7. Әдебиеттер:

Орны. Автор. Баспаның атауы. Басылып шыққан жылы

.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет