Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет21/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Топонимика


24

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

рияланды.  Бұл  жерлер  Катонқарағай  ауданының  Қайыңды  бөлімшесінің  жай-

лаулары  болатын.  Кеңестік  құрылыс  құлардың  алдында  бөлімше  малшылары 

арендаға алып бір-екі жыл жайлады да, кейін мүлде кіре алмай қойды. Жерді алған 

себептері де күмәнді: кезінде Николай патшаның бір қызы туғанда тарту етілген 

жер болатын-мыс.

Қазақ  жер  мәселесін  зерттеген  Алашорда  арысы  Телжан  Шонанұлы  және 

Орта Жүз қазақтарының таралу аумағын зерттеген Марат Сәбитұлы Мұқановтар: 

"Шыңғыстай  болысының  қазақтары  200  жыл  бойы  жайлап  келген  Шабанбай 

жайлауы  1867  жылы  "кабинеттік"  жер  (яғни,  Романовтар  әулетінің  үлес  жері) 

ретінде тартып алынды да, қазақтар Бұқтырманың сол жағалауы мен Тарбағатай 

аралығына  ығыстырылды",  -  деп  жазды  [3;45-б].  Шүй  қазақтарының  тарихын 

жаз ған Пионер Мұхтасыров бұл кезеңді былайша баяндайды: «...Атышулы жер 

бөлістен  үш жыл өткенде, ақ патша жарлық шығарып: «Шындығатайға қарасты 

Шабанбай жайлауы – патшаның меншікті жері» деп жариялаған соң, жерсіз қалған 

ата-бабамыз көштің басын Шүйге бұрған» [4;10-б]. Туып-өскен жерінен тентіреп 

кеткен қазақтар:

Тағдырдың  тауқыметін тартқан елім,

Аз жүгін ала өгізге артқан елім.

Шалқыған Шабанбайын артқа тастап,

Кеттік қой бөтен жерге телім-телім, - деп жырлаған екен [4;11-б].

Алайда Кеңестік дәуірде бұл жерлер Қазақстанға қайтып берілген болатын. Енді 

міне тағы қолдан шығып кетіп отыр. Жерден қысылған Шыңғыстай болысының 

қазақтары патша қазынасына қыруар ақша төлеп ол жайлауларды арендаға алып 

жайлаған екен. Арада 123 жыл өткенде, сол аренданың елесі қайта көрініс берді. 

Қорыта  келгенде,  аталған  деректерге  қарағанда,  Қошағаш  қазақтарының  бір 

тобы  ежелден  сол  аймақты  мекендеп  келе  жатқанын  көреміз.  Келесі  бір  мол 

топты Катонқарағай, Марқакөлден 1880-ші жылдары Қытайға өтіп, одан Қобда 

арқылы Баянөлгейге келіп, одан Қошағашқа айнала көшіп келген қаратайлықтар 

құрайды. Қалдекеұлы Абдолла бастап келген көш осы болса керек. 1916 жылы 

патшаның  солдатқа  алу  жарлығына  көнбей  үдере  көшкен  бір  толқын  бар.  "Ел 

ауғанда",  "Шүйге  барғанда"  деп  аталатын  бұл  көшке  ілескендердің  біразы  сол 

жақта  тұрақтап  қалды  да,  біразы  азып-тозып  Бұқтырма  бойына  қайта  оралды. 

1920-1930-шы жылдары болған ашаршылық пен колхоздастыру кезінде ауған ел 

де жоқ емес. Қазақ халқының басына түскен қилы замандарда Алтайдың қойнына 

кіре орналасқан Қошағаш қазақтарының құрамы осылайша қалыптасты.

Тарихты  термелеудің  мақсаты  өткендегі  қателіктерді  қайталамауды  көздейді. 

Қолдан шығып кеткен соң, енді ол жерлерді қайтарып алу қиын. Шекара сызы-

лып,  екі  жақты  қолдар  қойылып  қойды.  Қытайдағы,  Моңғолиядағы,  Ресейдегі 

тағдырлас  қазақтарды  Қазақстанға  көшіріп  алып,  біртұтас  мықты  мемлекет 

құрудан  басқа  жол  қалған  жоқ.  Басқа  бір  елдің  мұңын  жырлағанша,  өз  еліңнің 

жоғын жоқта, ағайын!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет