Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет18/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Тарихи топонимика


21

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

бара бермейді. Енді біразы қайта ресімдеуге қаржы жұмсаймыз деп даурығады. 

Алайда,  өркениеттің  қарыштап  дамыған  заманында  әлгіндей  мәселелер  әлде-

қашан  шешіліп қойған. Қалай болғанда да моральдық ескірген атауларды өзгер-

ту жұмыстары сол өлкенің тарихына деген жанашырлықпен жүзеге асырылуы 

қажет. Бұл өз кезегінде ономастика комиссияларына да зор жауапкершілік жүк-

теуі тиіс.

Қисынсыз  қойылған  елдімекендердің  атауын  өзгертпес  бұрын,  ғылыми  

тұр      ғыда терең зерттеу жүргізе отырып оның тарихи атауын негіздеу мәселесі 

туын дайды. Осы мақсатта, 2001 жылдан берi Республика көлемінде алғаш бо-

лып  Қарағанды  облысы  көлеміндегі  әр  ауданға  этнотопонимикалық  зерттеу-

лер жүргізіліп келеді. Тарихы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр, сондықтан, ке­



лер ұрпақ тарихтан тағылым алу үшін елдігімізді әйгілейтін, ұлттығымызды 

ұлықтайтын  тарихи  атауларымыздың  тарихи  шежіре  екендігін  санаға  құю 

–  басты  міндет.  Өлкеміздегі  әр  жердің,  судың,  елді  мекендер  мен  мәдени 

орындардың аттарының қатпарлы сыры – кейінгі ұрпаққа өнеге. Біздің мүдделі 

мақсатымыз – бабалар мұрасына байыппен қарай білу. Осы орайда, тілдерді 

дамыту  жө ніндегі  басқарманың  бастамашылығымен  облысымыздағы  та­

рихшы,  тілші  ға лымдармен,  өлкетанушылармен  бірлесіп  Қарағанды  облысы 

аудандарының  топонимикалық  карталарын  жасау  жұмысы  қолға  алынып, 

жүргізілуде. Нәтиже сінде бүгінгі таңға дейін облысымыздағы 9 ауданның ел ді 

мекендері мен жер­су атауларының тарихи негіздемелері дайындалып, кітап 

болып  жарыққа  шығып  отыр.  Топонимикалық  зерттеудiң  негізінде  бұрынғы 

орысша  атауды  немесе  нау қан  барысында  қойыла  салған  кездейсоқ  атауды 

ыңғайлы қазақшамен ауыс тыра салу емес, атаулар өзгерiсiнiң тарихи себептерi 

мен  заңдылықтарына  үңiле  отырып,  тарихи-этнографияның,  өлкетанудың 

шешiлмеген  күрделi мәсе лелерiне жауап  табуға  мүмкіндік ашылмақ. Өйткенi, 

бар рухани мұрасы сан ға сыр лар ды бойлаған елдiң тарихы жайлы дерек көзi тап-

шы келедi. Жер-судың аты – тарихтың хаты. Сондықтан, топонимикалық атаулар 

тарихын зерттеп, олардың нақты кеңiстiктегi орындарын анықтау және ғылыми 

тұрғыдан  алғанда  жаңа  тың  дерек  көздерiн  ашып,  олармен  жұмыс  iстеудiң 

әдiстерiн жетiлдiру -  тарихтың ақтаңдағын азайтуға тiкелей септiгiн тигізеді.

Ономастикалық  жұмыстарды  жандандыру  және  оны  бүгінгі  идеологиялық 

талаптарға сәйкестендіру бағытында жүргізілген талдауларға сүйенсек, бүгінгі 

таңда Қарағанды облысы бойынша моральдық тұрғыдан ескірген елді мекендер 

саны 62-ні құрайды. Оның ішінде нақты тарихи атауы бар бірқатар елдімекендер 

де бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет