Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет16/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Айбек Сүлейменов

Қарағанды облыстық Тілдерді дамыту

жөніндегі басқарманың ономастика

сараптама және қоғамдық ұйымдармен 

байланыс бөлімінің  бас маманы

Тарихи топонимдер тағылымы 

Әрбір атау - тарихтың табы сіңген нысаналы белгісі. Мұндай ұлттық және 

рухани  байлығымыз  саналатын  топонимдерді  зерделеу  бүгінгі  күн  талабынан          

туындап отыр. Кез-келген өңірдің жер-су атаулары өзінің бойына көптеген тарихи 

деректерді, этнографиялық мәліметтерді, географиялық сыр-сипаттарды сақтап 

отыратыны белгілі. Топонимдегі деректер нақты бір географиялық ұғым атаулары 

болғандықтан, олар арнайы сұрыпталған лексикалық қабаттардан тұрады. Көне 

дәуір куәсі болып табылатын топонимдер халықтың этнографиялық, қоғамдық, 

әлеуметтік жай-күйінен, өткен өмір-тіршілігінен әрқилы мәлімет береді. Мұның 

өзі топонимдерді зерттеудің өте күрделі құбылыс екендігін, ол істе зор ғылыми 

ізденістермен ғана мақсат-мұратқа жету мүмкін екендігін көрсетеді. Демек, тіл-

дік құбылыстың табиғатын тек оның тілдік заңдылықтарына ғана сүйеніп емес, 

сонымен қатар сол тілде сөйлеуші этностың (халықтың) дүниетанымына, салт-

дәстүріне, ұлттық менталитетіне байланысты да айқындауға болады. Сон дықтан, 

белгілі  бір  аймақтың  топонимиясын  зерттеуді  қолға  алмас  бұрын  сол  жердің 

тарихына,  саяси-әлеуметтік  жағдайына  және  оны  мекендеуші  ха лық  өмірінің 

этникалық  мәдени  тарихына  ерекше  көңіл  бөлу  керек  екендігін  зерттеушілер 

атап көрсетеді.

Тарихи  топонимика  саласында  бірінші  кезекте  топтастыру  мәселесі  ерек-

ше  маңызға  ие.  Топтастыру  мәселесін  анықтау  арқылы  тарихи  топонимдерді 

жүйелеу  мүмкіндігі  туындайды.  Қазақстан  ғалымдары  тарапынан  түрлі  топ-

тастыру модельдері ұсынылып және қолданылып жүр. Бұл топтастырулардың 

не гізгі  принциптерін  анықтап  алмай,  тарихи  топонимия  мәселесі  өз  шешімін 

таппақ  емес.  Топонимика  саласында  алғашқы  топтастыру  нұсқасын  жасаған 

бел  гілі ғалым А.Әбдірахманов болды. Оның топонимдік атауларды мазмұнына 

қа рай бірнеше топқа біріктіруі келесідей:

1. Адам есімдері бойынша аталатын географиялық объектілер (антропонимдер);

2. Ру атаулары бойынша аталатын топонимдер (генотопонимдер);

3. Халықтың атауын көрсететін топонимдер (этнотопонимдер);

4. Өсімдік атауы бойынша қойылған топонимдер (фитотопонимдер);

5. Жануарлардың атауы бойынша қойылған топонимдер (зоотопонимдер);

6. Географиялық объектілердің түр-түсін көрсететін топонимдер;

7. Объектілердің санын көрсететін топонимдер;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет