Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет47/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ

Антропонимика


48

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

қатысы бар беймифтік сарындар, деректер пайда болған. Алаш туралы мифтер 

Ұрым  заманы  қабатында  «ноғайлы  заманы»  және  «қазақ»  термині  заманына 

қатысты бұлыңғыр деректер, түсініктер сақтаулы.

Алаш идеясы - бүлінген заманда («Орманбет би өлгенде») халықты, елді бір 

ту астына біріктіру, бір ұранмен рухын көтеру, яғни елдікті, егемендікті, бірлікті 

орнату болып табылады. Осы идея - Алаш-Алаша культі сонау мифтік бағзы за-

маннан бері қазақ даласында, қазақ халқының танымын, жүрегінде, жырында, 

тілінде, дінінде сақталып келеді. Оған мына жоғарыда келтірілген аңыз (сондай-

ақ өзге аңыздар) «Үш Алаш», «Алты Алаш», «Алаш маңы» сөзі орамдары, со-

нымен бірге:

 

 



 

«Кеш Алаш алаш болғанда,

 

 

 



Алаша хан болғанда, 

 

 



 

Үйіміз ағаш болғанда,

 

 

 



Ұранымыз «Алаш» болғанда,

 

 



 

Үш жүздің баласы қазақ емес пе едік», -

немесе

 

 



 

«Алаш, алаш болғалы,

 

 

 



Алаша атқа мінгелі,

 

 



 

Ала шұбар ту байлап,

 

 

 



Әлім еді ағасы», - деген жолдар айғақ бола алады.

Қазақ тарихында шын мәнінде Алаша хан да болған көрінеді. С.Қондыбайдың 

көрсетуінше: «В 1391 году войска Тимура Хромого во время похода на Тохта-

мыша разгромили людей Алаша, убили сыновей Алаша хана. То есть согласно 

легенде, Алаша хан жил в XVI веке, по-видимому, это было прозвище одного из 

предводителей казачьей ватаги. После распада первой казачьей общины, начиная 

с конца XIV века, слово «казак»и «алаш» стали популярными в кипчакоязычной 

среде казахских степей, и после XV века стали самоназванием новой самоор-

ганизующей общности - современных казахов. Имя «Алаш» использовалось в 

качестве всенародного девиза урана, боевого клича: сначала только алаш-алши-

нов, затем ногайцев и позже казахов вообще. «Алаш баласы» (сыновья Алаша) 

- второй этноним казахов, дублирующий в мифопоэтики и генеологии названия 

казак/казах. Первая государственная структура казахов в 1917-1919 года называ-

лась Алаш-Орда, существовала и национально-демократическая партия «Алаш» 

[5,53-54].

Сонымен, «Алаш» антропонимикалық концептісінің құрылымы өте кең әрі 

терең,  этномәдени  мазмұны  диахронды,  көп  қабатты  когнитивтік-ментальді 

құрылым екеніне көзіміз жеткен болар. Осында когнитивті құрылымдар когни-

тивтік-ментальді кешен ретінде дүние болмысының белгілі бір фрагментін, бөлігін 

суреттей  алады.  Әрине,  ғаламның  (дүниенің)  толық  көрінісі  концептілердің 

жүйелі жиынтығынан құралмақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет