9.2. аталған жұмыс топтары қала әкімдігінің қаулысымен бекітіледі;
77
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
9.4. бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiндегi елдi мекендерге, елдi мекен-
дердiң құрамдас бөлiктерiне бiр атауды бiр мәрте ғана беру тәртібінің сақталуын
қатаң бақылайды;
9.5.облыстық маңызы бар қалалардың құрамдас бөліктеріне атау беру
және қайта атау кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қолданыстағы
2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 Үкіметтің қаулысымен бекітілген «Әкімшілік-
аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, олар-
ды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен
өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына» сәйкес және
осы ұсынымдағы 7-бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес тиісті жұмыстар
жүргізеді;
9.6.облыстық ономастика комиссиясының қарауына жолданатын құжаттарды
сараптап, яғни қолданыстағы заңнамада көрсетілген критерийлерге және осы
әдістемелік ұсынымдарда көрсетілген тәртіпке сәйкес жолдануын жіті қадаға-
лай ды;
9.7. қолданыстағы заңнамада көрсетілген критерийлерге және осы әдістемелік
ұсынымда көрсетілген тәртіпке сәйкес келмейтін құжаттарды қабылдамай, кері
қайтарады;
9.8. сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәселесін бақылауды 11-бөлікте
көрсетілген талаптарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізеді;
9.9.атау беру және қайта атау кезінде ұсынылған атаулар бойынша республи-
ка халқының құрметпен қарауын қалыптастыру мақсатында халықпен түсіндіру
жұмыстарын, мерзімді баспасөзде материалдар жариялау, теледидар мен радио-
дан (белгілі зиялы қауым өкілдерін тарта отырып) хабарлар ұйымдастырады;
9.10. ономастиканың көкейтесті проблемалары бойынша республикалық кон-
ференциялар, өңірлік көшпелі семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: