Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет92/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Орайлы ұсыныс


94

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

сиясымен  күрескендер  тұрғанда  әркім  өз  руының  батырларын  түгендеумен 

тым  әуестенудің  қажеттілігі  қаншалықты  деген  ой  келеді.  Ономастикалық 

жұмыстарға  тікелей  қатысы  бар  адамдар  және  жергілікті  аймақтарда  сол 

ұсыныстарды мәслихаттарда қарайтын азаматтар өңірлік психологияны жеңіп, 

елімізге еніп төрімізге өрмелеген жаһанданудың бейұлттық сана қалыптастырар 

ықпалын ескеріп, жалпыұлттық, тұтас елдік тұрғыдан ойлап, ғасырлап жеткен 

егемендігіміздің, жалпы тұтастығымыздың қамын бар лық салада, соның ішінде, 

ономастикалық жұмыстарда да мықтап ескеріп, ең ал ды мен сол тәуелсіздік үшін 

саяси, рухани күреске айрықша еңбек сіңірген тұл ғаларды ұлықтағанымыз аб-

зал. Бәлкім, әр өңірге ерекше еңбегі сіңгендерге құр мет көрсету қажет болар, 

дегенмен  олардың  есімдерін  ұлықтау  жалпыұлттық  деңгейдегі  тұлғалардың 

есебінен болмағаны жөн.   

Ономастикалық атаулар беру жұмыстарындағы өңірлік психология – өңірлік 

оқшаулануға, нақты атап айтсақ, жершілдікке, тіпті рушылдыққа әкелуі мүмкін. 

Хандық  дәуірдегі  жүздік,  рулық  жүйе  сол  дәуірлердің  өмір  сүру,  халықты 

сақтап қалу мақсатынан туған құбылыс болса, қазіргі облыстық жіктеліс эко-

номикалық  қажеттіліктен  қалыптасқан  жағдай.  Оны  әлдебір  бөлінушілік  құ-

ралы на, астамшылық пен мақтаныш, өзімдікі және өзгенікі деп бөлуге айнал-

дырмау  қажет,  әрбірден  соң  тұтас  қазақ  мемлекетінің  қай  жағынан  болсын 

өр  кен деуіне,  ілгерілеуіне  қарсы  көңіл-күй.  Бір  аймақтағы  өңірлік  психология 

басқа  аймақтардағы  осындай  психологияның  тууына  әкеледі.  Сөйтіп,  бұл  тұ-

тас тай  үрдіске,  дағдыға  айналады.  Олай  болса,  елдік  санадан  ауылдық  сана, 

алаштық зердеден рулық зерде артып, данышпан Абайдың: «Біріңді қазақ, бірің 



дос, Көрмесең істің бәрі бос» деген әр қазақтың басында өмір сүріп, жүрегіне 

тұрақтар ұранның әлі де орындалмай өзекті болып қала беруі ғажап емес.  

Қазіргі  қазақ  ономастикасындағы  аса  маңызды  мәселенің  бірі  -  кеңестік 

кезеңдегі тұлғалар құрметіне атау берудің  жөні қалай болмақ екендігі жөніндегі 

мәселе.  Себебі,  қалалық,  облыстық,  республикалық  комиссияларға  осындай 

ұсы ныс тар ай сайын, тоқсан сайын келіп жатады да, ономастикалық комиссия 

мүшелері бұл мәселеде әлі де ортақ көзқарасты қалыптастырған дей алмаймыз. 

Әсіресе, күні кеше ғана ортамызда жүрген республикалық, облыстық, аудандық 

деңгейдегі партия комитеттерінде, атқарушы биліктерде қызмет істеген азамат-

тардың атына мектеп, көше сұрау көп кездеседі. Әрине, ол кісілер өз заманында 

халыққа еңбектері сіңген азаматтар. Дегенмен, олар сол кезеңде өздеріне сеніп 

тапсырылған  қызметтерін  партияның,  үкіметтің  айтуымен  атқарды  емес  пе, 

сондықтан да ондай кісілердің ішінде сол лауазымды қызметтерінде сол кездегі 

идеологияға  қарамастан  ұлтқа,  елге  ерекше  қызмет  атқарғандарды  тануымыз 

қа жет.  Әйтпесе,  облыстарда,  аудандарда  партия  хатшысы,  атқару  комитетінің 

төрағалары болғандарының баршасына мектеп, көше, нысан атауларын бере бер-

сек, онда жадымыздың терең болмағаны. Егер осындай санадан арылмасақ, бұл 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет