Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет94/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Орайлы ұсыныс


96

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Алаштың  ең  дүбірлі  ғасыры  болған  XX  ғасырдың  соңында  және  қазақтың 

үміт етіп отырған өркендеу дәуірі болатын XXI ғасырдың басында қалыптасып 

жатқан  Астана,  әлбетте,  ұлтымыздың  кешегісінің  де,  бүгінгісінің  де  айнасы 

бо лып, болашағының бағдары болатындығы осы он бес жыл ішінде айтылып 

келеді және халық санасынан берік орын алу үшін әлі де сан қайталанады. Бұл 

қаланың  нағыз  қазақ  астанасы  болуының  бір  арнасы  –  осындағы  атаулардың 

жалпы елдік, ұлттық сипатта болуымен тікелей байланысты. 

Бұдан аңғаратынымыз,  белгілі бір жүйе жасалынған және ол қажетіне қарай 

үнемі  жетілдіріліп,  толықтырылып  тұрады.  Қазіргі  Астанадағы  көше,  даңғыл 

атауларының ең көбі жер-су  атауларымен байланысты. Бұл дұрыс та. Себебі, 

топонимикалық  атаулар  барлығынан  да  көп  болмағы  керек.  Бұдан  соң  елор-

да да ұлттық дәстүрлі атауларға айрықша мән беріледі. Дәстүр дегеніміз – қай 

халықтың болсын ғасырлар бойы жинақтаған өзі үшін әрі ыңғайлы, әрі оның 

дүниеге деген қатынасын, көзқарасын білдіретін құбылыс десек, біз дәстүрімізге 

тарихымызға, жалпы өз болмысымызға қалай құрметпен қарасақ, солай  ұлықта-

ғанымыз жөн. Осылардан кейін, әрине, елорда көшелеріне есімдері лайық тұл-

ға лар  тұрады.  Бұл  арада  қалалық  ономастикалық  комиссия  ұсыныстардың 

барлығына сарабдалдықпен қарайды десем, бұл мақтаныш емес, жұмыстың шы-

найы болмысын жеткізгеніміз. Астана болғасын әр өңірден ұсыныстар көптеп 

түсіп жатады. Ономастикалық комиссияның ең басты өлшемі тұлғаларға келген-

де, олардың жалпы мемлекеттік, ұлттық деңгейдегі еңбегі. Бұл қайраткерлерге 

де, батырларға да, өнер иелеріне де қойылатын безбен.

Ономастикалық жұмыс – құндылықтарымызды тануға һәм танытуға бағыт-

талған,  ұлттық,  мемлекеттік  мұраттарды  ұлықтауға,  өнеге  етуге,  насихат тауға 

ар на латын әрі іргелі, әрі өміршең жұмыс. Ендеше, ондай маңызды шаруада жа-

уап тылық пен тиянақтылық таныту баршамыздың міндетіміз.



97

ХАБАРШЫ


Ономастикалық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет