Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет48/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Антропонимика


49

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Талдап қарастырамыз десек антропонимикалық концептілер өте көп, осы кон-

цеп тілердің  этномәдени  мазмұны,  уақыттық  (хронологиялық,  диахрониялық) 

меншігі әр түрлі, қызмет еткен ортасы әр алуан, қазақ дүниетанымындағы орны, 

мәні ерекше деп айтуымызға болады. Осы мол лингвоментальді дүниені ғылыми 

талдауға енгізу үшін шартты түрде болса да белгілі бір жүйелі тәртіпке келтіру 

керек сияқты. Осындай мақсатпен біз концептілердің түрлі «табиғи» өздерінің 

болмысынан  туындайтын  өзгешіліктерін  ескере  отырып,  антропонимиялық 

концептілерді бірнеше түрге немесе типке бөлдік. Мәселен, мифтік танымның 

аясында  туындаған  және  қызмет  еткен,  пайда  болу  кезеңі  ең  алғашқы  бо-

лып  саналатын  мифоантропонимиялық  концептілерді  үлкен  бір  типке  (түрге) 

жатқызамыз. Соның бірі - жоғарыда көрсетілген «Алаш» концептісі, осы типтегі 

мифоантропонимиялық  концептілер  негізінен  фольклорлық  концептілердің 

қатарына жатады, себебі фольклор - мифологияның қоймасы.

Ендігі бір антропонимиялық концептілердің түрі - ресми тарихи түркі (көне 

түркі)  заманына  жататын  көне  түркілік  антропонимиялық  концептілер.  Осы 

типтегі антропонимиялық концептілер көне түркілер өмірінің дүние танымын 

антропонимдер арқылы көрсетеді.

Заман өзгерген сайын сол жылжып жатқан заманға сәйкес дүние (ғаламға) 

деген көзқарас да өзгеріп жататыны белгілі. Сол үрдісті ескере отырып тари-

хи аренаға шыққан қазақы (есен-қазақ) заманының (дүниенің) көрінісін беретін 

есен-қазақ  атропонимикалық  концептілердің  этномәдени  болмысын  көрсетуге 

әрекет жасадық.

Ең  соңғы  -  хронологиялық  және  этномәдени,  саяси  жағынан  жаңа  ерекше 

болып келетін антропонимиялық  концептілер, әрине, «жаңа замаңғы» антро-

понимиялық концептілер болмақ, бұл жіктеу немесе классификациялау шартты 

түрде алынғанын ескеруіміз қажет, себебі антропонимиялық концептілер этно-

мәдени мазмұны жағынан алып қарағанда да, диахрониялық тұрғысынан алып 

қарағанда да бір-біріне кірігіп, сабақтасып кететін концептілер. 

Жоғарыда  айтылған  антропонимиялық  концептілерді,  олардың  типтерін 

түгелімен, жан-жақты талдаймыз деп айта алмаймыз, себебі біріншіден, олардың 

саны  көп,  екіншіден,  оларды  толық  сипаттап  беру  мүмкін  емес,  үшіншіден, 

әрқашанда жаңа деректер, ақпараттар табылып қалуы анық.

Осы бөлімдегі жұмысымыздың мақсаты - негізгі антропонимиялық концепті-

лер арқылы ғалам бейнесінің көрінісін анықтау емес, дүниенің, қоршаған ортаның, 

қоғамның, заманның, тіршілік болмысының бейнесін анықтау болып келеді. Осы 

тұрғыдан алып қарағанда антропонимиялық концептілердің әр типіне сай ғалам 

бейнесіне қатысты басты сипаттарын анықтағанымыз жөн болады.

Мәселен,  біз  қарастырып  отырған  «Алаш»  мифоантропонимиялық  концеп-

тісінде: 1) атам заманнан көксеген бірлік идеясы жатыр; 2) мемлекеттікті орнық-

тыру  идеясы  жатыр;  3)  әділ,  құдіретті  хан  идеясы  бар.  Сонымен  қатар  өткен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет