Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет51/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ

Антропонимика


52

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

немесе  «Йим»  есіміне  «ай»  немесе  «айы»  (Тәңір  -  иелер  немесе  қайырымды 

рухтардың жалпы атауы) сөзінің жалғауынан «Йамай/Йамайы» немесе «Йимай/

Йимайы» сөзі шықты, уақыт өте сөз басындағы «ий-/-йа» дыбысы редукцияла-

нып «Май/Майы» («Бай/Байы» дыбыстық вариациясымен) варианты пайда бол-

ды да, оған «-құ/-қы» жұрнағы жалғануы нәтижесінде «Майқұ/Майқы» немесе 

«Байқұ/Дайқы» есімдік тұрпаты қалыптасты» [4,19].

Осы  және  басқа  дәйектемелердің  негізінде  С.Қондыбай  «Майқы»  сөзінің 

және бейнесінің ең бастапқы тұрпаты: дей-түркілік екенін дәлелдейді және де 

қазақстандық ғалым Ю.Зуевтің «үндіеуропалық» концепциясына қарсы шығады: 

«үндіарийлік» - «үндіирандық» - «үндіеуропалық» түсініктер мен сөздердің ба-

стауында «дей-түркілік қайнар» жатыр деген ой - Ю.Зуевтің де, басқанын да «үш 

ұйықтаса түсіне кірмеген кірмеген». Ол және ол сияқтылар осындай ойдың өзін 

күпірлік деп есептейді [4,21].

Сонымен «Майқы би» мифоантропонимиялық коонцептісінің де басты идея-

сы, лингвотанымдық мазмұны елдің, қазақ атаулы халықтың ең алғашқы адамы

түп қазығы, ұлы бабасы деген түсінікке тіреліп тұр. Ғаламды, дүниені ұлы баба-

сы деген түсінікке теріліп тұр. Ғаламды, дүниені танудағы адамның, халықтың 

яғни этностың өз орны, оның шығу тарихы, төркіні осы әлемде өзінің пайда бо-

луы деген қағидалы түсінік – ең басты, маңыздылығы жағынан бастапқы түсінік 

болып келеді. Кез келген халықтың мифологиясында, ежелгі дүниетанымында 

алғашқы ел адамы, сол халықтың, тайпаның тұңғыш адамы, түп атасы киелі бо-

лып саналады, себебі сол елдің елдігін, мемлекеттігін қалыптастырып орнатқан 

қасиетті адам. Сол себепті ол – патша, би, Ұлы Баба. Жоғарыда көрсетілген Абақ, 

Алаш, Майқы би, Алатайлы, Аңшыңбай, Асан қайғы Ұлы Бабаның сипаттарына 

ие. Осы аталған мифтік  тұлғаларға байланысты аңыздар да  Ұлы Бабаның си-

паттарын деректеп дәйектейді. «Майқы би» туралы аңыздық деректердің саны 

аз, мысалдарын мифтік «Ұлы Баба» деңгейінде түсіндіруге болады:

«1.  Майқы  би  12  бимен  бірге    Шыңғыстауда  Темучинді  Шыңғысхан  деген 

атпен хан деп көтерген 12 бидің қатарында,  сол бидің үлкені ретінде аталады. 

Сондай-ақ,  ол  қазақтың  үш  жүзіне  ат  берген,  таңба  мен  ұран  үлестірген  кісі 

ретінде  айтылады.  Осы  екі  мысалдағы  сайлау  (билік  инвеститурасын  беру), 

әлеуметтік  сыбаға  (таңба,  ұран,  ат  –  әлеуметтік-иерархиялық  көрсеткіштер) 

берудің де түптеп келгенде ұлы Бабаның құзырында, ар жағында, ілкі Төрдің 

құзырында екендігін еске саламыз.

2. Алаша хан туралы аңызда Майқы бидің Алаша баланы арнайы іздеп ба-

рып, оған билік ету құқын бергендігі айтылады. Бұл да – алдыңғы мысалдағыдай 

түсіндіріледі.

3.  Алаша  хан  туралы  аңызда  Майқы  бидің  екі  сипаты  көрсетілген:  1)  ол- 

асқақ, 2) сондықтан да ол – арбаға мініп жүреді, арбасына адам жегіледі екен. 

Ақсақтық, яғни, жалғыз аяқтылық – жылан табиғилығы жағынан мифтік бей-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет