Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет30/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ

Топонимика


33

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

на» деп аталады. Бұл тіркестің мағынасын білетін адамда атаумен байланысты 

теріс ассоциациялар қалыптасатыны күмән тудырмаса керек. Себебі бұл оним-

дік тіркес Мәскеу қаласындағы қылмыскерлер жазасын өтейтін түрменің атауы 

болып табылады.

Қазіргі менсонимдерге гиперболикалылық тән. Қала ономастикалық ландшаф-

тында  заттың  ең  жоғарғы  сапа-белгісін  атайтын  абсолюттік  мағынадағы  ата-

улар қолданыс тапқан. Менсонимдерде мир немесе әлем, сити, планета сияқты 

ауқымдылық, кеңдік мағынасындағы сөздерді қолдану кең өріс алғандығын бай-

қауға болады. «Гигант» атауы да соған мысал бола алады.  Алайда ондай тіркесімді 

элементпен  берілген  онимдердің    денотаттары  аталмыш  сөздердің  мағыналық, 

лексикалық қырларына жауап бермейді. Мысалы, Н. Әбдіров даң ғы лындағы «Мир 

вкуса» дәмханасы немесе «Doner city» дүңгіршектерінің атау лары бұл талапқа жа-

уап бермейді деп айтуға болады. Аталмыш сөздердің ма ғыналық аясына сай бо-

луы үшін объектінің көлемі үлкен болуы тиіс деп ойлаймыз. 

Қала менсонимдерінің ішінде көп кездесетін детерминатив шағын маркет не-

месе мини-маркет болып табылады. Аты атап тұрғандай, бұндай нысандардың 

масштабы шағын, кішігірім болуға тиісті. Алайда бұл заңдылық сақтала бер-

мейді.  Мысалы,  Мұқанов  көшесінде  жолдың  бойында  орналасқан  тауарлық 

ассор тименті кең әмбебап дүкен деп атауға келетін «Алатау» нысанын шағын-

мар кет детерминативімен берген дұрыс емес. 

Осы орайлас тағы бір мысал: Строителей көшесіндегі саябақтың қақ ортасын-

да «Акрополис» атты жазғы дәмхана орын тепкен. «Акрополис» дегенде Ежелгі 

Грекия  төңірегіндегі  ассоциациялар  пайда  болады.  Сөздің  мағынасы  жоғарғы 

қала немесе ежелгі грекиялық қаланың жоғары орналасқан бекіністі бөлігі, цита-

дель дегенді білдіреді [3]. Осы аттас топоним, яғни ойконим Украина территори-

ясында, яғни Қырымда да бар. Бірақ мекеме атауы екінші топонимға байланыс-

ты қойылмағаны әсте анық. Онимнің нысанға сәйкестігі тиісті дәрежеде емес 

және және үлкен раритеттік мәнге ие атаудың мейрамханаға көбірек келетінін 

атап айтқымыз келеді.   

Объектілерге  атау  қойғанда  меншік  иесі  номинациялау  актісін  белгілі  бір 

заңнамалық құжат ережелерін қатаң ескеру, заңдық шарттармен шектеуді мақсат 

етпейді. Бұл жағдайда атау тек номинатордың құзіретіндегі субективизм жемісі 

болып табылады дегіміз келеді. Адресанттың басты мақсаты – тұтынушының 

назарына  ілігетіндей  атау  таңдау  болып  табылады.  Осы  мақсатқа  жету  үшін 

денотатқа  атау  беруде  түрлі  лексикалық  және  лексикалық  емес  графикалық 

(мысалы,  параграфиялық  (шрифт,  түс)  айла-амалдар  қолданыс  табады.  Гиб-

ридтік  атауларды  да  осы  қатарға  жатқызуға  болады.  Билингвалды  социумға, 

по лимәдени аймаққа  тән ондай типтегі онимдерді адекватты ойлаудың, тілдік 

туындыға  тән  лингвистикалық  және  одан  тыс  эстетикалық  т.б.  ережелерді 

қатаң ескеріп, сақтаудың нәтижесінен туындаған  деп тану дұрыс емес деп ой-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет