Оқушы: Желтоқсан бастауы - ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белесі.
Оқушы:
Желтоқсанды талай ақын жырлаған,
Бұл құбылыс таусылмайтын жыр маған
Таусылмайтын сыр маған.
Тұғырыма жаңа қонған Ескерткіш,
Сол күндердін, сол түндердің елесіндей мәңгілік
Айналасын ән қылып,
Алаңдағы сол дауыстар бүгінде,
Естіледі жаңғырып, - деп ақындарымыз жырлағандай, Желтоқсан жаңғырығы бізге Тәуелсіздіктің таңын әкелді.
Оқушы: Ендеше 9-а сынып өткелі отырған «Тәуелсіздік – тұғыры» атты салтанатты мерекені ашық деп жариялаймыз.
Әнұран орындалады. «Менің Қазақстаным» әні орындалады.
Оқушы:
Тәуелсіздік бақытына оранып,
Елім жатыр шаттығына қуанып.
Желбірейді көкте туы әдемі,
Егемен ел бал дәуренін өткеріп.
Қазақ елін - туған жерді сүйемін,
Туған елім бірге жаным сүйегім.
Үлкен өмір сырларынан ой түйіп,
Намыс үшін өртенемін, күйемін.
Болмақ емес көңілімде ой бөтен,
Адал ойды қиялымда тербетем.
Қазақпын деп әлемге жар салып,
Асқақтаған армандарға жетем мен!
Оқушы: 16 желтоқсан күні қазақ жастары Республика алаңына бейбіт шеруге шықты. Үкімет жастарға қарсы күш қолданды. Қаншама өмір қыршынынан қиылды, қанша ана аңырап баласын жоқтады?! Тірі қалғандары қуғынғы ұшырады, оқудан, жұмыстан шығарылды. Оларды кейіннен ақтағанмен, бәрібір жүректе сыз қалды. Ел намысы жолында құрбан болған аға-апаларымыздың аруағына бас иеміз! Біздің жас тәуелсіз мемлекетімізді олардың рухы қолдасын.
Оқушы: Тәуелсіздік - ұлы рух. Ұлттық бақыт. Желтоқсан оқиғасы мен қоғамның, тарихтың, ұлттық жаратылысында бір құдіретті заңдылық, өзекті тұтастық бар.
Оқушы: Желтоқсан оқиғасы - халқымыздың ұлттық намысының оянуы, саяси сананың өсуі. Сан ғасыр, сан жылдар көрсетіп келген әділетсіздікке, шындықтың шексіз бұрмалауына қазақтардың көрсеткен қарсылығы - тарихи құбылыс.
Оқушы: Желтоқсан көшесі - қанқожа болған жастарымыздың ояну кезеңі, жан дауысы. Желтоқсан көшесі - әділет жолындағы жаңғырықтың бастамасы, қазақ ұлтының үлкен шеруінің тұсаукесер көшесі.
Оқушы:
Жалғасып соғыс өтті сан ғасырға,
Біз көрдік қас дұшпанның балтасын да.
Еліме тәуелсіздік келіп жетті,
Мыңжылдық күрестердің арқасында.
Жаңғырды халқымыздың мың өшкені,
Бар мұнда сан ұрпақтың үлестері.
Ел үшін мәңгілікке жалғасады,
Ақыл-ой, ар-намыстың күрестері.
Оқушы: «Көркем сөз»
III бөлім. «Мұзда жанған алау»
«Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын», - деп азаттық аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын-сүргінге ұшырап, сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол Алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні-қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.
Достарыңызбен бөлісу: |