ОќО, Ќазыєўрт ауданы, Ынталы елді мекені, «Ынталы» жалпы орта мектебі, Ж



бет3/6
Дата21.07.2020
өлшемі383 Kb.
#63547
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
    Бұл бет үшін навигация:
  • Оқушы
Көрініс: «Қайраттың хаты». (Сахнада Қайраттың анасы)

Оқушы: Ұлым менің! Сен әлі жиырма бірдесің. Аман болсаң, бір жерден шығатын алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт қылады сорлы анашың... Адам ерлігінің ең зор сынағы - жеңіліске ұшырағанда рухы түспеу, мойымау. Мұнар тау бар, алыс та болса, жақын. Сендер шыққан алаң - намысқой қазақтың тағдыр таразысы болайын деп тұр ғой.

(Сахнада Қайраттың інісі Талғар жүгіріп келеді, қолында хат бар)



Оқушы: Апа, апа, Қайрат көкемнен хат келді.

Оқушы: Рас па? Құлынымның хаты ма? Әкелші, өзін көрмесем де хатын оқып мауқымды басайын.

Хат оқылады.



Оқушы:

- Амансыздар ма, туған-туыстарым! Менің нақақтан абақтыда отырғаныма сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың жиналған қазақ жастарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп, қорлағандарын көріп шыдамадым. «Еруліге-қарулы» деп мен де топ ішіне кіріп, көмектесуге ұмтылдым. Менің де, сол күнгі алаңға шыққан қазақ жастарының да еш кінәсі жоқ. Алаңға барғанымыз - азаттық іздеп барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың үлгісін емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік. Қазақтың бостандық алар күні алыс емес! Аман болыңдар!



Оқушы: Тоғжан, мына менің қолымдағы хат Қайрат көкемнің ең соңғы жазған хаты екен, тыңдашы. «Алаңға барғанымыз - азаттық іздеп барғанымыз», - деп, сол азаттық таңының атқанын көрмей кетті-ау, қайран көкем!

Оқушы: Көңіліңді босатпашы, Талғар, Қайрат, Ләззат сынды аға-апаларымыз азаттықты бізге аманат қып тастап кетті емес пе?

Оқушы: Дұрыс айтасың, Тоғжан! Кенесары абылай, Сырым мен Исатай, Міржақып пен Мұстафа, кешегі Қайрат пен Ләззат аңсаған тәуелсіздікті қорғау, ата-баба арманын орындау - біздердің міндетіміз.

Оқушы: Талғар, өзің білесің, еліміз егемендік алғалы қарыштап дамуда. Еліміздің жаңа астанасы Астанамызға 20 жыл толды. Еліміздің жаңа әнұраны еліміздің бейбіт аспанында шырқалуда. Тәуелсіздік үшін алаңға шыққан ұлдарын да ұмытпай, еске алуда... Тәуелсіздік мәңгі болғай!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет