ОқО, Созақ ауданы, Тайқоңыр елді мекені Т. Момбеков атындағы жалпы орта мектеп Баяндама тақырыбы


Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда аудиожазбаларды қолдану



бет4/13
Дата09.01.2022
өлшемі228,5 Kb.
#110581
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Баяндама тақырыбы Қазақ тілі сабағында тыңдалым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс - тәсілдер

Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда аудиожазбаларды қолдану.

Бұған әр сыныптың, әр оқушының жас ерекшелігіне байланысты мәтіндер алып отырдым. Оқушы бойына тыңдалым дағдысын қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді пайдаландым. Оқытудағы басты принципім – оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру, барлық оқушының сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту, өз ойын жеткізуге, өзіндік таңдау жасауына мүмкіндік тудыра отырып, оқушының танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту, проблемалық оқыту арқылы оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру, өз ойын ашық айта білуге тәрбиелеу, сабақ процесінде оқушының белсенді іс-әрекеті белсенді ойлауға, белсенді оқытуға бағытталды. Жаңа идеялар ұсынуда және жаңа мүмкіндіктерді көруде, оқушының қабілетінің дамуына мүмкіндік тудырдым.

 Тыңдалым дағдысын басшылыққа ала отырып әр сабағымда тақырыпқа сай аудиожазба арқылы тапсырмамен жұмыс орындатып отырдым. Мысалы сапалық және қатыстық сын есім тақырыбын өткенде оқушыларға аудиожазбадан «Атаның ақылы» деген мәтін тыңдаттым. Мәтін бойынша тест жұмысын және тапсырмалар бердім.

«Атаның ақылы»

Аппақ шыңды Алатаудың аясындағы Алматы қаласының Орталық саябағы маусым айы кезінде жайқалып тұр. Бой түзеген күміс қылқанды шыршалар, жасыл сырғалы ақбалтыр қайыңдар, жұпар иісі аңқыған аршалар гүлзарлы алаңдарды қоршап, қоңыр салқын самалмен тербеледі.

Бес жасар Бектай атасымен бірге бақ аралап, әткеншек тепті, серіппеде секіріп ойнады. «Поезға» мініп, «жол жүрді», «зымыранға» мініп, зымырады. Бір кезде тәмпіш мұрны тершіп, қарақаттай көзі күлімдеп, ол:

- Ата, шөлдедім, - деді. Атасы ақ күмістей сақалын тарамдап, күлімдеді де:

- Шөліңді қандыр, жарығым, -деп, оған салқындаған алма шырынын сатып әперді. Бекжан құтыдағы салқын, тәтті алма шырынын құшырлана жұтып алды да:

- Ата, балмұздақ жегім келеді, - деп, ентіге сөйледі. Ақжарқын атасы Бекжанға балмұздақ сатып әперді де:

- Ботам, балмұздақтан көп жеме, тамағың ауырып қалады, деп ескертті. Бектай атасы алып берген балмұздақтан біраз жалады да:

- Ата, шоколад жегім келеді, деп, күлімдеді.

- Жарығым, әр нәрсенің шамасы бар. Қанағат керек.

- Ата, қанағат деген не? – деп, Бекжан сұрақ қойды.

- Күнім-ау, «қанағат» деген – әр нәрсенің шама-шарқын біліп, соған риза болу, тамақ ішудің де шегін, ретін білу... Қанағат қылмай, не болса соны талғамай, іше берсең, ауырып қаласың – деп атасы ақыл айтты.

- Онда... Мақұл! – деп, Бекжан ойланып қалды.

Атасының ақылын түсініп, айтқанын істеген Бекжан бақта сергек сейілдеп, жақсы демалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет