ОқО, Созақ ауданы, Тайқоңыр елді мекені Т. Момбеков атындағы жалпы орта мектеп Баяндама тақырыбы


Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалады



бет9/10
Дата05.12.2022
өлшемі228,5 Kb.
#161209
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1530823971 (1)

Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалады: 
Тыңдау дағдысын қалыптастыру барысында көз жеткізгенім оқушыларға сөйлеткен сайын, ойланған сайын ашыла түседі екен сонымен қатар сабаққа деген қызығушылығы арта түседі. Оқушының сабаққа деген қызығушылығының артқанын сабақ барысында көрсеткен белсенділіктерінен байқадым. Сабақ барысында тыңдалым дағдысы бойынша жұмыс жүргізгенімде сыныптағы оқушылардың барлығында тыңдау дағдысы және есте сақтау қабілеті төмен екенін байқадым. Алғашында аудио жазбадағы мәтінді тыңдатып артынан тапсырма бергенімде сыныптың ішінен 1 – 2 оқушы ғана сұраққа жауап береді. Қалған оқушылар естігеннін ұмытып отыратын. Тыңдау дағдысын қалыптастырудың бірден - бір жолы жадыны дамыту керектігіне көз жеткіздім. Сондықтан сабақтарымда жадыны дамытуға арналған түрлі әдіс – тәсілдерді іздене отырып қолдандым. Алдымда отырған оқушылар бұрынғы сабақтарымда «Мен қанша алдым?» деп сұрайтын еді, қазіргі сабақтарымда «Апай, мен былай жауап бергім келген, мен былай ойладым» деген сияқты пікірлер білдіре бастады. «Тізбектелген ереже» , «Ақпараттағы ақаулық» әдістері және аудиожазбадан тыңдаған мәтіндерге байланысты тапсырмаларда біраз ойланып, жауап бере алмай тосырқап қалатын қазіргі таңда түрлі әдіс – тәсілдерді сабақта қолданғанның арқасында оқушылардан әр тапсырманы орындау барысында шапшаңдық байқалады. Мысалы: Оқылған мәтін ішінен жалпылау қанша екенін тап деген тапсырма берілгенде алғашында 3,4 сөз табатын оқушылар қазіргі таңда 15 сөз болса соның 9,10 сөзін таба алады. Оқушылардың басым бөлігі тыңдаған мәтінді мазмұндауда тілдік қорының аздығына байланысты қиналатын. Қазіргі таңда ойын еркін жеткізеді. Мәтіндегі негізгі деректерді есте сақтай алмайтын оқушылар мәтінмен жұмыс жүргізгенде мәтінді толық және терең түсінгенін тапсырма орындау барысында көрсете алатын болды. Бұрынғы сабақтарымда жаңа тақырыпты түсіндіріп артынан ереже сұрайтынмын. Сол жерде жауап берген оқушым келесі сабақта сол ережені сұрасам немесе сол тақырыпқа байланысты тапсырма орындатсам ережені ұмытып отыратын. Тыңдалым дағдысына қалыптастыруға байланысты әдіс – тәсілдерді қолданғаннан кейін берілген мәтіннен оқушылар керекті сөздерді тез таба алуға жаттықты. Яғни оқушылар жоғарыда аталған әдіс – тәсілдерге жаттыққан десем де болады.
Оқу жылы басында өзім сабақ беретін 5, 6, 7 сынып оқушыларына тыңдалым дағдысын қалыптастыру мақсатында есте сақтау қабілетін, сауаттылық қабілетін, тілдік қорларын, жоғарыда аталған түрлі әдіс- тәсілдер арқылы тексердім. Нәтижесінде төмендегідей пайыз көрсетті.

Қазақ тілі сабағында тыңдалым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс – тәсілдердің арқасында 5, 6, 7 сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттері, тілдік қорлары, сауаттылық қорлары жоғарғы нәтиже көрсетті. Алдағы оқу жылында тыңдалым дағдысына байланысты сабағымда қолданатын әдістерімді кеңейтемін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет