Кең таралған архитектуралар: - 2. Көп процессорлы архитектура
- Компьютерде бірнеше процессор болғандықтан, ол бір жұмыстың бірнеше фрагментін параллель орындай алады. Осындай машинаның құрылысы жалпы жедел жад немесе бірнеше процессордан тұратыны келесі суретте
- толық көрсетілген.
- Көпмашиналы есептеу жүйесі. Есептеу жүйесіне кіретін бірнеше процессорларда жалпы жад емес, әрбіреуінде жеке жад болады. Әрбір компьютерде көпмашиналы жүйеде классикалық құрылыс болады және осындай жүйе өте көп қолданылады.
Кең таралған архитектуралар: - 3. Параллельді процессорлар архитектурасы
- Мұнда бірнеше АЛҚ-лар бір БҚ-ның басқаруымен жұмыс істейді, яғни көптеген деректер бір бағдарламамен ( бір команда ағынымен) өңделуі мүмкін. Осындай құрылыстың өте жылдам жұмыс істеуін біз тек қана есептерді шығаруда қолдана аламыз. Осындай компьютерлердің құрылысы суретте көрсетілген.
ЭЕМ-нің функционалдық түйіндері. - Аппараттық жабдықтардың көмегімен орындалатын бұйрықтардың тілін машиналық деп атайды. Бірақ программаларды машиналық тілде жазу қиын. Бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы адамға ыңғайлы жаңа бұйрықтарды ойлап табу. Жаңа тілдің бұйрықтары машинаға түсінікті болу үшін оларды машиналық тілге ауыстыру жолдарын қарастыру қажет. Оны шешу үшін екі технология белгілі: оның бірі трансляция деп аталатын алғашқы программаның орнына машина тілінде жазылған жаңа программаны орындау. Екіншісі алғашқы тілде жазылған бұйрықтарды енгізілетін берілгендер деп түсінетін және оларды кезекпен қарастыра отырып, машина тілінің эквивалентті бұйрықтарын орындайтын машина тілінде жазылған программа. Бұл технология жаңа программаны құрастыруды қажет етпейді және интерпретация, ал оны орындайтын программа интерпретатор деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |