MS DOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ MS DOS (Microsoft Disk Operating System) операциялық жүйесі —16-разрядты персональдық компьютерлерде өте кең таралған ОЖ. Ол келесі негізгі модульдерден тұрады (2 сурет): Енгізу/шығару базалық жүйе (BIOS); Алғашқы қосылу блогі (Boot Record); Енгізу/шығару базалық жүйенің кенейту модулі (IO.SYS); өндеуді тоқтату модулі (MSDOS.SYS); командалық процессор (COMMAND.COM); MS DOS утилиттары. Осы келтірілген әр бір модуль арнайы функция бөлігін орындайды.Осы модульдардың орналасу жерлері әр түрлі. Мысалы,енгізу/шығару базалық жүйе ардайым сақталатын құрылғада (ПЗУ-постоянная запоминающая устройство) орналасқан. MS DOS Енгізу/шығару базалық жүйе (BIOS)- Операциялық жүйенің енгізу және шығару функцияларын жүзеге асыруына байланысты қарапайым және амбебап қызметтірін орындайды. BIOS функциясына сонымен қатар негізгі аппараттық компонентерінің автоматты тест жүргізу және DOS –тың алғашқы қосу блогінің шақыруы кіреді. Алғашқы қосылу блогі (немесе жай қосушы) — бұл өте кішігірім бағдарлама, мұның қызметі дисктан оперативті жадқа DOS-тың екі басқа бөлімін салыстыру – енгізу/шығару базалық жүйенің кенейту модулімен өндеуді тоқтату. Енгізу/шығару базалық жүйені кенейту модулі жаңа сыртқы құрылғыларды қамтамасыз ету үшін қосымша драйверлерді қолдануға және стандартты емес сыртқы құрылғыларды қамтамасыз ету драйверлерді қолдануға мүмкіндік береді. Өндеуді тоқтату модулі негізгі жоғарғы деңгейлі DOS қызметтерін өндейді, сондықтан оны негізгі деп атайды. Командалық процессор DOS қолданушы енгізген командаларды өндейді. DOS утилиттары — бұл операциялық жүйемен бірге өздігімен файлдар түрінде берілген бағдарламалар.
WINDOWS6 UNIX6 LINUX ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІ Windows Операциялық жүйесі Қазіргі кезде әлем бойынша көптеген компьютерлер Microsoft фирмасының Windows жүйесінде жұмыс жасайды. Бірнеше көп қолданатын версияларын қарап шығайық. Windows NT (NT — англ. New Technology) — бұл жай графикалық қабықша емес, ол операциялық жүйе. Дербес компьютерлердің жаңа модельдерінің мүмкіншілдіктерін қолдананады және DOS жүйесінсіз жұмыс істей алады. Windows NT — 32-разрядты ОЖ. Ол қолданушыларға көп міндетті атқаратын, көп процессорлық қолдау, құпиялық, деректерді қорғау және т.б. қамтамасыз етеді. Windows 95 универсальды жоғарғы өнімді көп міндетті атқаратың және көп үздіксіз 32-разрядты кең таралған желілік мүмкіншілігі бар және графикалық интерфесі бар операциялық жүйе. Windows 95 — жеке бағдарламалар арсындағы ақпараттармен алмасуды іске асыратың және мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видео ақпаратттарды өндеу, мультимедиямен жұмыс жасау мүмкіндіктерін қолданушыға қамтамасыз ететін интеграцияланған орта. Windows 95-тің қолданушы интерфейсі өте тиімді және қарапайым. Windows 3 қабықшасына қарағанда бұл операциялық жүйе компьютерде операциялық жүйе DOS-ты қажет етпейді. Ол ДК немесе Pentium-ге арналған. Жедел жадының көлемі 32—128 Мбайт болу қажет. Компьютерді қосқаннаң кейін және BIOS мәтіндік бағдарламаларды қолданған соң Windows 95 операциялық жүйесі автоматты түрде қатты дисктан еңгізіледі. Windows 98 -бен Windows 95-тің айырмашылығы: Windows 98 операциялық жүйесінде Internet Explorer браузерімен біріктірілген және Web-браузер түрінде жасалған.