Операциялық күшейткіштер
Операциялық күшейткіш дегеніміз - дифференциалды кірісі бар тұрақты ток күшейткіші және, әдетте, жоғары күшейту коэффициенті бар жалғыз ғана шығыстан тұрады.
Операциялық күшейткіш (ОК) көп каскадты күшейткіштен тұрады, оның күшейту коэффициенті өте үлкен. ОК кіріс кедергісі өте үлкен, ал шығыс кедергісі аз болып келеді. Операциялық күшейткіш аналогтық сигналдармен түрлі операцияларды орындауға арналған әмбебап құрылғы болып табылады.
ОК шартты белгілері 1-суретте көрсетілген.
1-сурет.
Қазіргі ОК бірнеше ондаған транзисторлары бар интегралды микросхемалар түрінде болып келеді. Әдетте ОК схемасында екі-үш күшейткіш каскад болады(2-сурет). Бірінші каскад дифференциалды күшейткіш болып табылады. Ол ОК жоғары кіріс кедергісін және синфазалық сигналдың әлсіреуін қамтамасыз етеді. Екінші каскад кернеуді күшейту коэффициентінің негізгі бөлігін қамтамасыз етеді. Үшінші каскад қуат күшейткіші болып табылады.
2-сурет ОК құрылымдық схемасы: ДКК- дифференциалды кіріс каскад, КАК – күшейтудің аралық каскады, СК – соңғылық каскад
Жалпы жағдайда операциялық күшейткіштің жұмысы үшін екі полярлы (ыдыратылған) қорек көзі талап етіледі; көз кернеулерінің типтік мәндері ±6 В; ±12 В; ±15 В(кейде ±18 В). Екі полярлы қоректену көзіне және жүктемеге ОК қосылу сұлбасы 3-суретте көрсетілген.
3-сурет ОК қосылу типтік схемасы: мұндағы DA – операциялық күшейткіш, Rж – жүктеменің кедергісі, Eқ – қоректену кернеуі
ОК шығыс кернеуі оның кірісіндегі кернеудің айырмасына Eд=Uкір(+)-Uкір(-) байланысты болады, мұндағы Uкір(+) және Uкір(-) - күшейткіштің инверттелмеген және инверттейтін кірісіндегі кернеулер. Сондықтан ОК үшін келесі формула орындалады:
Uшығ=K*Eд
мұндағы K – ОК күшейту коэффифиенті (кері байланыссыз).
Жалпы тәуелділік графигі 4-суретте көрсетілген. Шығыс кернеуі тек соңғысының (Едmin-нен Едmax-қа дейін) өзгеруінің кейбір диапазонында ғана сызықтық байланысты болып келеді және Uқан шамасынан аспайды.
4-сурет. ОК жұмыс сипаттамасы
5-сурет. Дифференциалды сигналға байланысты шығыс кернеудің полярлығы: а – тура дифференциалды кернеуде; б – кері дифференциалды кернеуде
Сұрақтар:
Операциялық күшейткіш дегеніміз не? Не үшін арналған?
ОК шартты белгілері қандай?
Көп жағдайда ОК құрылымы қандай элементтерден тұрады?
ОК неше кірісі бар және оларға нені беру керек?
Ед деген не? Формуласы қандай?
ОК формуласы қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |