Описторхоз – табиғи ошақты антропозоонозды гельминтоз. Оны Opisthorchidae тұқымдасына жататын Opisthorchis felineus трематодасы қоздырады. Бұл құрт адам және ет қоректі жануарлардың (иттердің, мысықтардың, түлкілердің, ақ түлкілердің, шошқалардың) паразиттері. Жынысы жетілген описторхтар бауырдың өт жолын, өт қабын және ұйқы безін мекендейді.
Описторхоз – табиғи ошақты антропозоонозды гельминтоз. Оны Opisthorchidae тұқымдасына жататын Opisthorchis felineus трематодасы қоздырады. Бұл құрт адам және ет қоректі жануарлардың (иттердің, мысықтардың, түлкілердің, ақ түлкілердің, шошқалардың) паразиттері. Жынысы жетілген описторхтар бауырдың өт жолын, өт қабын және ұйқы безін мекендейді.
Эпизоотологиясы.Битиния ұлуларының негізгі биотоптары ағынсыз, баяу ағатын тайыз су жағалары, өсімдігі қалың ескі арналар, өзектер, өзек салаларына қоныстанады. Дәл осындай су көздері тұқы тектес балықтардың да мекен жәйі. Адам мен етқоректілерге бауырқұрт балық еті арқылы жұғады.
Эпизоотологиясы. Битиния ұлуларының негізгі биотоптары ағынсыз, баяу ағатын тайыз су жағалары, өсімдігі қалың ескі арналар, өзектер, өзек салаларына қоныстанады. Дәл осындай су көздері тұқы тектес балықтардың да мекен жәйі. Адам мен етқоректілерге бауырқұрт балық еті арқылы жұғады.
Кейбір мәліметтерге қарағанда Қазақстанда описторхоздың бірнеше табиғи ошақтары қалыптасқан. Ертіс өзенінің алқабы гельминтоздың ірі ордасы екені анықталды. Табиғи ошақ санатына Қарағанды су қоймасынан бастап, Қорғалжың көлдеріне дейін созылып жатқан Нұра өзені жатады. Сондай-ақ, Шілдерті, Ырғыз, Торғай, Сарысу өзендерінде трематодозардың табиғи ошағы бар.
Өсіп, өнуі.Ақтық иесінің бауырына орналасқан описторхтар көптеген жұмыртқалар шығарады. Олар нәжіске араласып, сыртқы ортаға тарайды. Құрттың аралық иелері Bithynia Leachi – деп, аталатын ұлулар. Алдымен, жұмыртқа қабығынан шыққан мирацийлер, ұлу денесіне еніп, 2 ай аралығында спороциста, редий және церкарий сатыларына дамиды. Онан кейін церкарийлер ұлу денесін тастап шығып, құрттың қосымша иелері – тұқы тектес балықтардың қабыршықтары араларынан өтіп, ет қабаттарына енеді. Мұнда гельминт тез арада цистаға оранып, 6 аптаның ішінде жұқпалы сатысы метацеркарийге айналады. Метацеркариймен залалданған балықтан адам немесе етқоректілер описторхоз ауруын жұқтырады. Етқоректілер асқорыту жүйесіне түскен метацеркарийлер сыртқы қабығынан босап, ішектің өт арнасы арқылы бауыр өт жолдарына жетіп, 3-4 апта ішінде жынысы жетілген ересек сорғыштарға айналады.
Өсіп, өнуі. Ақтық иесінің бауырына орналасқан описторхтар көптеген жұмыртқалар шығарады. Олар нәжіске араласып, сыртқы ортаға тарайды. Құрттың аралық иелері Bithynia Leachi – деп, аталатын ұлулар. Алдымен, жұмыртқа қабығынан шыққан мирацийлер, ұлу денесіне еніп, 2 ай аралығында спороциста, редий және церкарий сатыларына дамиды. Онан кейін церкарийлер ұлу денесін тастап шығып, құрттың қосымша иелері – тұқы тектес балықтардың қабыршықтары араларынан өтіп, ет қабаттарына енеді. Мұнда гельминт тез арада цистаға оранып, 6 аптаның ішінде жұқпалы сатысы метацеркарийге айналады. Метацеркариймен залалданған балықтан адам немесе етқоректілер описторхоз ауруын жұқтырады. Етқоректілер асқорыту жүйесіне түскен метацеркарийлер сыртқы қабығынан босап, ішектің өт арнасы арқылы бауыр өт жолдарына жетіп, 3-4 апта ішінде жынысы жетілген ересек сорғыштарға айналады.