Орал қалалық ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жастарға қызмет көрсету бөлімінің есебі



Дата06.09.2022
өлшемі23,3 Kb.
#148856
Байланысты:
ақпарат
Жастармен жұмыс жөніндегі ақпарат Дін АТК

Орал қалалық ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жастарға қызмет көрсету бөлімінің есебі.


2022 жыл басынан жастар бастамаларын қолдау, жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру және жастарды жұмыспен қамту бойынша онлайн және оффлайн форматта әр түрлі бағытта кеңес алуға 7500 адам жолықты.
Соның ішінде:

  • мемлекеттік бағдарламалар - 2750,

  • психологиялық кеңес - 480,

  • теологиялық кеңес -1800,

  • тұрғын үй мәселесі-658,

  • жұмысқа орналасу - 1543,

  • заңгерлік кеңес - 327 жас жүгінді.

Сонымен қатар мемлекетік бағдарламалар бойынша жұмысқа орналасқан жастар:
-Жастар тәжірибесіне 236 жас;
-Алғашқы жұмыс орны жобасы аясында 29 жас;
-Әлеуметтік жұмыс орнына 17 жас;
-Қоғамдық жұмысқа 97 жас;
-450 жас жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына тұрақты жұмысқа орналастырылды.
-400 АЕК (1 225 200 тенге)көлемінде жаңа бизнес-идеаларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантпен – 15 жас қамтылды.
- «Бизнес Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 271 жас қатысты.
- Қысқа мерзімді оқыту курсына 3 жас жолдама алды.
Бағдарлама қатысушылары грант қаражатына авто көлік таңдау және авто химиялық тазалау қызметі, компьютерлік қызметтер көрсету, мұздатылған қатпарлы қамыр өнімдерін дайындау, тазалау қызметі, сұлулық студиясы, мал шаруашылығына бизнес план жасақтады.
«Жасыл Ел» бағдарламасына – Орал қаласы бойынша 300 ден астам жасты қамтыды, орташа жалақы – 80 мың теңге.
«Студенттік құрылыс жастар еңбек жасақтары» – 312 жасты қамтылды, орташа жалақы – 100.000-150.000 теңге.
Жастарды жұмыспен қамту және ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін «Жастарға кеңес!», «Болашағың өз қолында»,«Жетістік жолы» жобаларын жүзеге асырылып, жыл бойы жастар үшін маңызы бар жұмыс іздеуші жастарды ынталандыру бойынша «SOFT SKILLS» семинар - тренингтерін, әр түрлі сала шеберлерінің қатысуымен жұмыссыз жастарға арналған «Мастер класс», «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі-2022», «Еңбек кубогі – 2022» кәсіпорындардағы жастар ісі жөніндегі комитеттер арасында спорттық жарыстарды, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен «Jas business», «Жастар кәсіпкерлік үшін» кәсіпкерлікті дамыту бойынша семинар тренингтерін жүзеге асырады. «Жастар тәжірбиесі» және «Алғашқы жұмыс орны», «Қысқа мерзімді кәсіптік оқу курсы»мемлекеттік бағдарламалары туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүйелі жүргізілуде.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет