Қазақ жазушысы Б.Майлин мен орыс жазушысы А.Н.Островский сәйкесінше «Шұғаның белгісі» және «Бесприданница» атты шығармаларында өздері өмір сүрген теңсіздікке толы заман көрінісін жасап шығарады. Аталмыш шығармалардың екеуі де әйел адам басына түскен қиындықтарға құрылған.
Б. Майлиннің бұл шығармасы суреткерлік шеберлік тұрғысынан пайымдағанда, күні бүгінге дейін қазақ повесінің үлгісі болып қалып отыр.
Повестің оқиғасына тоқталар болсам, шығарманың 1-тарауы прологтан бастау алады.Екі салт атты-бірі автор да, екіншісі-әңгімеші Қасымжан.Қасымжан әңгімесіне автордың елең ете қалуы, осы сәтте оқиғаға оқырманның қызығушылығы арта түсетіндігі сөзсіз. Меніңше, бұл жерде пролог сюжеттен тыс тұрғанмен, оқиға желісіне әдемі қиюластырылған, көркем шындықты қабылдауға дайындық, оқырманды баурап әкетер тамаша суреткерлік тәсіл деп білемін.Сөйтіп, осы жерде шығарма сюжеті басталып –ақ кетеді.
Шығарманың сюжеттік дамуы адамдар тағдырына негізделген. Оған дәлел ,сюжеттік байланыс үшінші тарауда айрықша байқалады.Атап айтсам, Әбдірахманның Есімбек аулына алғаш келгені, оны Шұғаның тұңғыш көрген жерінде «... Мынау аттан түсіп жатқан кім?-деді Шұға... Отаудың сықырлауынан Шұғаның сығалап, бізге қарап тұрғаны білінді...» Бұл әрекетті автор экспозициядағыдай ауызекі айта салмайды, өзінің оқырманына сол көріністі елестете ,сездірте суреттейді.Тап осы көріністен оқиғаның өрбу жолы ,яки жастардың бір-біріне деген ынтазарлығын жеткізуде жазушы хабар бергендей.
Ал 4-7 тарауларда шығарма желісі үнемі даму үстінде болады.Басқа тараулар алуан шиленістерге толы.Жеке тоқталар болсам, Әбдірахман Есімбек байдың қызы Шұғаға өлердей ғашық болады. Қыздың да жігітте көңілі болады. Әрине, бай Есімбекке бұл сөзсіз ұнамайды. Сол себепті «Есімбекті құтыртады», онымен де «қанағаттанбай, Әбдірахманды басқа жолмен сүріндіруге» кіріседі,жала жауып, ақыры, қамауға алғызады. Бұл орайда жазушының шынайы, нанымды суреттейтіндігі сондай, шығарманы тебіренбей оқу мүмкін еместігін айтқым келеді.
Менің жан дүниеме әсер бергені сондай, әсіресе қос ғашықтың бір –біріне жол үстінде жолығып, қоштасқан тұсы, Шұғаның «Қош, қалқам,қалақам»деп, , кемсеңдеп отыра кететін тұстары еріксіз көзіме жас әкелді.
Сайып келгенде, шығарманың шарықтау шегі- Шұғаның қатты құса болып, ауруға шалдығуы , қызына жаны ашыған әкенің Әбдірахманды амалсыз қамаудан босатуы,бірақ Шұға сонда да жазылмайды. «Жазылып керегі не?-дейді ол Қасымжанға. Бәрібір мен бақытты бола алмаймын...» Шұғаның ақырғы сөзі –бұл.Ендеше бұл үзінді шығарманың шарықтау шегіне жеткізіп тұрған үзінді деп білемін.
Менің пайымдауымша, енді жазушы үшін де оқырман үшін де оқиғаның бұдан әрі дамуы да, өрбуі де мүмкін емес.
Шығарманы оқып отырып,Шұға қыздың тағдырына тебірене сілкініп қаласыз,тіпті « Өзі де Шұға десе –Шұға еді-ау!» өзіңіз іштей өз сезіміңізді қалай айтып қалғаңызды да білмей қаласыз ба деп қалам.
Мені ол сезімге бөлеп отырған құдірет, ол- жазушының шеберлігі деп білемін.
Келесі шығарма «Бесприданницада» да оқиға махаббатқа құрылған. Шығарма желісі Волга өзені бойындағы кішкене қалашықта болады.Басты образдағы Лариса-өзінің адамға сенгіштігімен және сезімталдылығымен ерекшеленеді.Ол-әнші,айналасындағыларды өнерімен өзіне тарта алатын сүйкімді бойжеткен. Оның жүрегі адал, ұшқыр қиялға толы.Оған дәлел, мына өлең жолдарын айтуға болады: «Не искушай меня без нужды. Возвратом нежности твоей! Разочарованному чужды , Все обольщенья прежних дней!» Анасы Ларисаның жақсы жігітке шыққанын қалайды.Қызымен ақылдаспай, астыртын әрекеттер жасайды, бірақ оған Лариса көнбейді.Қалай болғанда да Лариса өзінің жүрегі қалаған жігітке шыққысы келеді.Басты образдағы Лариса-кедей, жинаған жасауы жоқ.Дегенмен Лариса өз идеалын тапқысы келеді, тапты да, ол-қала ақсүйегі Паратов мырза болатын. Бірақ мұндағы өзгешелік Лариса Паратовты сүйгенмен, жігіттің қызда көңілі болмайды. Орысша айтқанда «безответная любовь». Паратов атына заты сай, бай дәулетті, ауқатты жігіт. Ал Паратовтың ойында шынайы сүю деген болмайды, оның бар баққаны арақ-шарапқа тойып көңіл көтеру. «Шұғаның белгісімен» салыстырғанда, Ларисаның өмірі әдемі, романтикаға толы.Лариса-романтикалық образ.
Дегенмен шығарманың трагедиямен аяқталуы оқырман жүрегіне әсер етері сөзсіз.
Тіпті пьесаның соңғы ремаркасы-цыган әншілерінің ащы зарымен бітуі маған еріксіз көзіме жас әкелді...
Б.Майлин мен А.Н.Островскийдің шығармаларының сюжеттік желілері екі түрлі десе де, негізгі идеялары астарласып,жинақылығымен ерекшеленеді. Жазушыларға тән жинақы баяндау- меніңше, типке әкеледі.Тип дегеніміз-образ.Ендеше шығармалардағы Шұға мен Лариса образдары-әйел затына қала берді,, әдемі, таза махаббатқа лайық жандар деп білемін. Мені осындай ойға әкеліп отырған қос жазушының образдарды ұнамды ете берудегі суреткерлік шеберліктері болатын.
|
|
For
Examiner’s
Use \экзаменатор пайдалану үшін\
Нақты мақсаттан басталады
Проблеманы байқайды.
Өзіндік көзқарасы бар
Әдеби сапалары
Шығарма экспозициясын \оқушыны ел, жермен, жалпы жағдаймен таныстыруы\ байқайды.
Шығарма құндылықтарын талдайды.
Шығармадағы әрекет атауын оқиғаның өрбуіне әкелдіргендігін,яки жазушының астарлы ойын сезеді.,біледі. \ осы орайда қатынастар мен құндылықтар талданады.\
Түрлі ситуацияларды байқайды.Оқушы шығармадан нақты дәлелдер келтіреді.
Оқырмандық әсер, сезімталдық байқалады.
Қорытынды жасаған.
Оқиға салдарын түсінеді.Осы тұрғыдан қарағанда, эпилогтың рөлін біліп тұр
Жақсы өрілген, дегенмен дәлел ретінде шығарманың аз мөлшері қолданылған.
Дамытады
Сюжет желісін тартымды, көркем беріп отыр.Екі шығарманы салыстырады.
Әдеби терминдерді сәтті қолданады
Мазмұнын меңгереді
Шығарманың көркемдік келбетіне жинақы қорытынды жасайды.
|