Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2015 жылда атқарылған жұмыстары туралы есебі



Дата15.09.2017
өлшемі158,75 Kb.
#33962
Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

2015 жылда атқарылған жұмыстары туралы есебі.
Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрамына төмендегідей мекемелер мен кәсіпорындар кіреді:

  • бір мемлекеттік мекеме – орталықтандырылған кітапхана жүйесі (ОКЖ) 19 бөлімшесімен;

- мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын:

● Қалалық мәдениет және демалыс саябағы;

- үш мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын:

● Жастар мәдениет үйі;

● Мәдени-ағарту бірлестігі бөлімшелерімен.


  • «Деркөл» мәдени-демалыс орталығы

Өзінің жұмысында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен оған қарасты мекемелер мен кәсіпорындар Қазақстан Республикасының “Мәдениет туралы” Заңын және «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын басшылыққа алады.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, қаланың барлық мәдениет мекемелерінің негізгі жұмысы халықты мәдени-демалыс қызметімен кең көлемде қамтуды жүзеге асыруға, кәсіби және көркемөнерпаздық шығармашылықты дамыту үшін қажетті жағдайлар туғызуға, халықтың жас ерекшеліктеріне қарай әр түрлі шығармашылық қабілеттерін айқындауға, олардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін ұлғайтуға негізделген, тұрғындардың лингвистикалық капиталын сақтауға арналған жұмыстарды тұрақты атқарып келеді.



2015 жылы мәдениет мекемелерінің материалдық базасын нығайту жұмыстары жалғасын тапты. Мәдениет нысандарын қаржыландыруға бюджеттік қаржыландырудан 604846,0 мың теңге бөлінді. Тұрғындарға қаржылай қызмет көрсетуден 57551,5 мың теңге келіп түсті.

2013 жылы мәдениет нысандарын қаржыландыруға бюджеттік қаржыландырудан 512266,0 мың теңге бөлінді. Тұрғындарға қаржылай қызмет көрсетуден 36961,0 мың теңге келіп түсті.

2014 жылы мәдениет нысандарын қаржыландыруға бюджеттік қаржыландырудан 560115,0 мың теңге бөлінді. Тұрғындарға қаржылай қызмет көрсетуден 60238,0 мың теңге келіп түсті.

Тарихи маңызға ие ғимараттар мен ескерткіштерге жөндеу-қалпына келтіру барысында «Этих дней не смолкнет слава», М.Гаврилов ескерткіштеріне, Мәңгілік Даңқ алауымен Жеңіс мемориалдық кешеніне, «Бауырластар зиратына» (күрделі жөндеу), Т.Масин, Г.Жуков бюсттеріне жұмыстар жүргізілді.

Қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы Шаған өзені арқылы өтетін көпір құрылысы жұмыстары аяқталды.

Жастар мәдениет үйі, «Деркөл» мәдени-демалыс орталығы, Мәдени ағарту бірлестігінің солисттері мен ұжымдарына костюмтер сатып алынды.

Қаланың мәдениет мекемесіне оргтехника; клубтарға арнлған аудиоаппаратура; мәдениет мекемелеріне музыкалық аппаратура; Гагарин атындағы кинотеатрына кинопроектор; «Деркөл» мәдени-демалыс орталығына кииз үй және баян сатып аланды.

Қалалық мәдениет және демалыс саябағының ақылы қызмет түрінен түскен қаржыға: тіркемесі бар трактор, бензинді электростанция, оргтехника, шаңсорғыш, өртсөндіргіш сигнализация, гүл көшеттері, арнайы жұмыс киімдері сатып алынып, аттракциондарға жөндеу жүргізілді.


Тұрғындарды мәдени-демалыс шараларымен қамту мақсатында есепті мерзім ішінде 13990 мәдени шара өткізіліп, оған 337032 адам қатысты.

(2012 жылы 13640 мәдени шара өткізіліп, оған 334597 адам қатысты;

2013 жылы 13810 мәдени шара өткізіліп, оған 335132 адам қатысты;

2014 жылы 13970 мәдени шара өткізіліп, оған 336000 адам қатысты. )
2015 жылы кітапханаларды әдебиетпен қамту жұмыстары жақсарып, жалпы соммасы 4116,0 мың теңгені құрайтын 8932 дана кітап алынды, оның 5915 данасы мемлекеттік тілдегі әдебиет. Соммасы 3200,0 мың теңгені құрайтын 2015 жылдың 2 жартыжылдығы мен 2016 жылдың 1 жартыжылдығына арналған мерзімді баспасөзге жазылу жұмыстары жүргізілді.

(2012 жылы жалпы соммасы 10520,7 мың теңгені құрайтын 8587 дана кітап алынды, оның 5939 данасы мемлекеттік тілдегі әдебиет. Соммасы 3266,7 мың теңгені құрайтын 2012 жылдың ІІ жартыжылдығына және 2013 жылдың І жартыжылдығына арналған мерзімді баспасөзге жазылу жұмыстары жүргізілді.

2013 жылы жалпы соммасы 7613,7 мың теңгені құрайтын 8193 дана кітап алынды, оның 6253 данасы мемлекеттік тілдегі әдебиет. Соммасы 3445,8 мың теңгені құрайтын мерзімді баспасөзге жазылу жұмыстары жүргізілді.

2014 жылы кітапханаларды әдебиетпен қамту жұмыстары жақсарып, жалпы соммасы 4320,0 мың теңгені құрайтын 9217 дана кітап алынды, оның 7260 данасы мемлекеттік тілдегі әдебиет. Соммасы 3239,9 мың теңгені құрайтын 2014 жылдың ІІ жартыжылдығы мен 2015 жылдың 1 жартыжылдығына арналған мерзімді баспасөзге жазылу жұмыстары жүргізілді.)

Мәдениет мекемелерінде Президент пен Үкіметтің нашақорлық пен есірткі бизнесі, қылмыспен күрес бағдарламаларын, «НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бағытында үнемі жоспарланған жұмыстар жүргізіліп отырады.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің барлық бағынысты мекемелері «Жаңа жыл», «Крещение», «Масленица – Қысты шығарып салу», «8-наурыз Халықаралық әйелдер күні», «Наурыз», «Қазақстан халқының бірлігі күні», «Жеңіс күні», «Мәдениет және өнер қызметкерлері күні», «Халықаралық балаларды қорғау күні», «Мектеп бітіруші түлектер кеші», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күні», «Астана күні», «Қазақстан Республикасының Конституциясы күні», «Қала күні», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күні», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» сияқты мемлекеттік және халықтық мейрамдарға, мерейтойлар мен даталы күндерге арналған мәдени-көпшілік шараларды өткізуде белсенді жұмыстар атқарды.

Қазақстан Ассамблеясының 20-жылдығы, Жеңістің 70-жылдығы, ҚР Конститутциясының 20-жылдығы, Қазақ хандығының құрылуына 550-жыл, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің қатысуымен өткен Республикалық Жастар форумын осы жылы өткізілген ең атаулы шаралар болды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Орал қаласы мен Маниса қаласының әкімшілігінің арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында Орал қаласынан бір топ делегаттар барған болатын. Осы делегацияға «Оралым» фольклорлық ансамблі шақырылып, Түркияның Маниса қаласында өткен 475-ші Халықаралық «Месир» фестивалінде өнер көрсетіп қайтты.

«Мәдени-ағарту бірлестігі», Жастар мәдениет үйі, қалалық әуенді-аспаптар ансамблі, орыс халық аспаптар оркестрі есеп беру концерттері, жеке орындаушылардың шығармашылық кештері өтті.

“Қала күнін” мерекелеу аясында 2015 жылдың 1-5 қыркүйек аралығында көптеген іс-шаралар өткізілді: “Орал- Жастар қаласы” студенттерге арналған акциясы. Қалалық мәдениет және демалыс саябағында өткен “Гармоника” мерекесі, “Орал аруы” конкурсының финалы, “СИТИ ЦЕНТР” орталық сауда кешенінде және “Орал” ойын-сауда орталығында өткен “Оралым-асыл қалам” концерттік бағдарламалары, белгілі ғалымдар, тарихшылар мен Мәскеу, Орынбор, Атырау,Ақтөбе қалаларының интелегенция өкілдерінің қатысуымен Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Круглозерное, Деркөл, Желаев кенттерінде және Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында Ақжайық, Теректі, Зеленов және Сырым аудандарының концерттік бағдарламалары өтті. Абай алаңында Қайрат Баекенов пен “Формат” тобының қатысуымен ретроконцерт өтті. Қала тұрғындарымен қонақтарына алғаш рет арнайы (3D маппинг) шоу мен от шашу тарту етілді. Д.Нүрпейісова көшесінде “Оралым-менің арман қалам” сәндік-қолданбалы өнер көрмесі мен гүлдер фестивалі өткізілді. Қалалық демалыс және демалыс саябағында Атырау қаласының спортшыларының қатысуымен “силовой экстрим” көрсетілімі өтті. Мереке 5 қыркүйек күні П.Атоян атындағы стадионда үздік творчествалық ұжымдар мен облыс артістері, “МузАрт” вокалды-инструменталдық ансамблі, Нұртас Адамбаев пен “Наша Казаша” тобы қатысуымен театрландырылған концерттік бағдарламамен аяқталды.

«Жаңа жыл» мейрамын мерекелеуде 26 желтоқсан күні Бас Шырша жағылу құрметіне Абай алаңында театрландырылған концерттік бағдарлама өтті. 30-31 желтоқсанда қаланың шағынаудандары мен селолық округтерінде концерттік бағдарламалар өткізілді.

Жас таланттарды анықтау және қолдау мақсатында да біраз шаралар атқарылуда. Ақпан айында Жастар мәдениет үйінде Жеңістің 70-жылдығын тойлауға арналған «Екі жұлдыз» атты конкурс өтіп, конкурста кәсіби әншілермен бірге балалар аула клубтарының тәрбиеленушілері ән шырқаса, сәуір айында қалалық балалар шығармашылығының «Балдәурен» фестивалі өткізілді.

Он сегіз жылдан бері 5515 әскери базасы құрамында жұмыс жасайтын Халықтық мәдениет университеті өзінің жұмысын белсенді жалғастыруда.

Мәдени-ағарту бірлестігі құрамына 17 балалар аула клубы, «Ардагер» ардагерлер клубы, “Жас ұрпақ” жасөспірімдердің әлеуметтік даму орталығы, Гагарин атындағы балалар кинотеатры, Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет үйі, Қазақ зағиптар қоғамы мәдениет үйі, 5515 әскери бөлім құрамында жұмыс жасайтын Халықтық мәдениет университеті кіреді. Сонымен қатар ардагерлер ұжымдары: Халықтық «Әже сәлемі» ансамблі және «Ару Аналар», «Ағалар әуені» ансамблдері жұмыстанады.

Сонымен қатар «Мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК базасында екінші жыл Батыс Қазақстан облысындағы жалғыз балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жас бүркіт» патриоттық қоғамдық бірлестігі қызмет етуде.

«Арай» балалар аула клубы негізінде 2012 жылы Қазақстан халқының кіші балалар Ассамблеясы құрылып, табысты жұмыс жасап келеді. Ол жерде әр ұлт өкілдерінің балалары елімізді мекендеген ұлттардың салт-дәстүрлерімен танысады.

Мәдени-ағарту бірлестігі филиалдарында әр түрлі бағыттағы көркемөнерпаздар үйірмелері, клубтық бірлестіктер, спорттық секциялар қызығушылықтары бойынша 2365-ден астам адам айналысатын жалпы 96 клубтық құрылым жұмыс жасайды.

1 шілдеден бастап 4 жас пен 16 жас аралығындағы 3000 баланы қамтитын 17 жазғы алаңқайлар жұмыс істеуде. Алаңқайларда арнайы мекеме мамандарымен кездесулер ұйымдастырылып, әртүрлі мәдени және спорттық іс-шаралар, аула клубтары арасында спорттың әр түрінен қалалық спартакияда өткізіліп тұрады. Жазғы маусымда 300-ден астам шара өткізіліп, 3500-ден астам балалар мен жасөспірімдерді қамтыды.

Мәдени – ағарту бірлестігінің шығармашылық құрамы барлық мемлекеттік және халықтық мейрамдарға, мерекелік және есте қаларлық даталарға кәсіби деңгейде белсене қатысып отырады. Мәдени – ағарту бірлестігі филиалдарында 15 480 іс-шара өткізіліп, оған 141 652 көрермен қатысты.



(2012 жылы 12250 мәдени шара өткізіліп, оған 141420 адам қатысты;

2013 жылы 15420 мәдени шара өткізіліп, оған 141620 адам қатысты;

2014 жылы 15435 мәдени шара өткізіліп, оған 141645 адам қатысты; )

Жастар мәдениет үйі ұжымы мәдени-көпшілік және ағарту жұмыстарында үлкен белсенділік танытып келеді. Жастар мәдениет үйі құрамында орыс халық аспаптар оркестрі, әуенді аспаптар ансамблі, скрипкашылар ансамблі, қалалық «Оралым» фольклорлық ансамблі, 7 ақылы және 11 ақысыз үйірмелер мен студиялар жұмыс істейді. Соның ішінде: терме және баян, домбыра, “Әуен”, «Нұрай» би студиясы, «Достық» вокалды-хор студиясы, эстрадалық цирк студиясы, мәнерлеп оқу студиясы бар. Бұл үйірмелерде 500-дей адам айналысады. Жастар мәдениет үйінің құрамына кіретін жаңа «Салтанат Сарайы» және қалалық көрме залы бар. Көрме залында жыл бойына 27 көрме өтіп, оған 13521 адам қатысты.



2015 жылы Жастар мәдениет үйінде 374 іс-шара өткізіліп, оған 110701 көрермен қатысты.

(2012 жылы Жастар мәдениет үйінде 371 мәдени шара өткізіліп, оған 48825 адам қатысты;

2013 жылы Жастар мәдениет үйінде 372 мәдени шара өткізіліп, оған 48927 адам қатысты;

2014 жылы Жастар мәдениет үйінде 373 мәдени шара өткізіліп, оған 49325 адам қатысты. )

2014 жылы Қалалық мәдениет және демалыс саябағында мемлекеттік және халықтық «Крещение», «Масленица – Қысты шығарып салу», “Наурыз” мейрамы, «Қазақстан халықтарының бірлігі күні», «Жеңіс күні», «Халықаралық балаларды қорғау күні», кәсіби мерекелерге арналған түрлі шаралар, акциялар өткізілді. Барлығы 102 мәдени-көпшілік іс-шара өткізіліп, бұл шараларға 78000-нан астам адам қатысты. Жазғы маусымның ашылуынан бастап қалалық мәдениет және демалыс саябағында 758 000 астам демалушылар болды.

2012-2014 жылдардағы көрсеткіштерді салыстыра отырып өзгерістерді байқауға болады.

Көрсеткіш

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Шаралар

90

95

101

Шараға қатысушылар мен саябаққа келушілер

730 000

750 000

755 000

2011 жылғы қараша айынан «Деркөл» мәдени-демалыс орталығы МКҚК өз жұмысын бастады. Аталған бөлімше «Деркөл» МҮ және Деркөл ауылында орналасқан жаңа мәдениет саябағы негізінде құрылды. МКҚК құрамында қалалық үрмелі аспаптар оркестрі, «Сударушка» Халықтық ансамблі», «Калинка» ансамблі, 7 үйірме қызмет жасайды (үйірмелерде 100-ден астам балалар жұмыстанаты).

2015 жылы 147 шара өткізіп, оған 6689 көрермен қатысқан.

(2012 жылы 130 мәдени шара өткізіліп, оған 5195 адам қатысты;

2013 жылы 132 мәдени шара өткізіліп, оған 5328 адам қатысты;

2014 жылы 134 мәдени шара өткізіліп, оған 5548 адам қатысты.)

Қалада орталықтандырылған кітапхана жүйесі құрамына кіретін 19 мемлекеттік кітапхана жұмыс жасайды. Олардың құрамында Горький атындағы қалалық кітапхана, Пушкин атындағы балалар кітапханасы, 15 қалалық кітапхана филиалдары, 2 балалар кітапханасы бар.

Қала кітапханаларының кітап қоры 630270 дананы құрайды (оның ішінде 110413 данасы қазақ тілінде).

Есеп беру мерзімі ішінде 43674 оқырманға кітапханалық қызмет көрсетіп, 1017752 дана кітап берілімін жасады. Әр түрлі тақырыптарда 978 көпшілік шаралар ұйымдастырылып, 1196 кітап көрмесі мен тақырыптық сөрелер жасақталып, 29298 адам қамтылды.

ОКЖ-де қызығушылықтары бойынша 20 клуб жұмыс жасап, оқырмандарды кең көлемде қамтып отыр.

Оқырманға кітапты барынша жақындату мақсатында ОКЖ-де 13 әдебиетті беру орындары ұйымдастырылып, жұмыс жасауда.

Кітапхананың жұмысын насихаттау ісі БАҚ арқылы жүргізіледі. Тұрақты түрде «Календарь знаменательных и памятных дат» атты радиобағдарлама шығарылып, жергілікті баспасөзге мақалалар жазылып тұрады. Жалпы газет беттерінде 48 мақала жарияланып, телеарналар арқылы 12 сюжет көрсетілімі өткізілді.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бағытында Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде нақты жоспар жасалып, бағдарламада көрсетілген бағыттар бойынша жұмыстар жүзеге асырылды.

Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін тіл саясатының басты бағыттары бойынша 2015 жылы төмендегідей іс-шаралар жүзеге асырылды.



Қазақ тілінің қолданыс аясы бүгінгі күні еліміздің мемлекеттік органдарында және қоғамдық өмірде кеңейіп, белең алуда. Орал қаласындағы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер арасындағы құжат айналымы толықтай қазақ тілінде. Мемлекеттік органдарда іс жүргізудің толық мемлекеттік тілге көшірілгендігінің үлкен стратегиялық маңызы бар. Өйткені, қоғамдық өмірдің қай саласы болмасын мемлекеттік органдар арқылы басқарылады. Бүгінгі күні мемлекеттік органдардағы қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер тілдік біліктілік арттыру курстарында өз біліктіліктерін арттыруда. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы тағы бір міндет бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 шілдедегі №878 Қаулысына сәйкес «Казтест» бағдарламасын жүзеге асыру. Бағдарламаны орындау мақсатында ағымдағы жылдың шілде айында қала бойынша 13 мемлекеттік қызметші сертификат алса, қараша айында 102 қызметкер «Қазтест» сертификатын алуға тапсырып, 198 қызметкер диагностикалық тестілеуден өтті. Қала бойынша 2015 жылғы 2 жартыжылдықта 45 қызметкер «Қазтест» сертификатына ие болды.

Орал қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 1639 «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Орал қаласының 2014–2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес қоғамдық өмірдегі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту Орал қаласында орналасқан түрлі саладағы кәсіпорындар мен мекемелердегі қызмет атқаратын қызметкерлермен тіл саясатының негізгі бағыттарын түсіндіріп, насихаттау мақсатында «Мемлекеттік тілді барлық салада қолдану мен дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында кездесулер мен семинарлар өткізілуде.

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізіліп келеді.

28-сәуір күні Орал қалаcының әкімдігі қолдауымен, Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның концерт залында ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығын насихаттауда ІҮ облыстық «Қадыр оқулары» байқауы өтті. Байқауға әр ауданнан және жоғары оқу орындарынан 17-35 жас аралығындағы жастар қатысты. 29-сәуірде Орал қаласында №5 автобуста Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана, Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана, қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты 5.13,9.7 филиал кітапханалары қатысуымен Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығын мерекелеу қарсаңында Орал қаласындағы кітапханалардың қатысуымен «Оқитын автобус» жобасы аясындағы «Ата ерлігі –ұрпақ жадында» тақырыбындағы Акция оздырылды. Акция болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеудегі қоғамның ролін көрсету, кітапханалардың міндеті - жалпы тұрғындарға сол жылдардағы адамдар мен тарихи оқиғалар туралы әдебиеттерді насихаттау, оқырмандарды соғыс тақырыбына жазылған көркем әдебиеттермен жете таныстыру. Әсіресе, қазақстандық жазушылар мен қазақ батырлары туралы, өлкемізден шыққан Кеңес Одағының батырлары туралы мәліметтер беру, тұрғындарды кітап оқуға және кітапханаға тарту, оқу мәдениетін қалыптасыру мақсатында оздырылды.

Ағымдағы жылдың 2-қазан мен 2-қараша аралығында «Тіл – татулық тірегі тіл айлығы өткізілді. 2 қазан және 5 қазан күндері КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы ,ақиық ақын Ж.Молдағалиевтің 95 жасқа толуына орай Орал қаласының арнаулы орта және жоғары оқу орындарында оқитын өзге ұлт өкілдері студенттері мен жастары арасында дәстүрлі «Жұбан оқулары» байқауы өтті. Биыл дәстүрлі «Жұбан оқулары» 15-ші рет өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Тіл айлығы аясында 8 қазан күні Орал қаласында орналасқан мекемелер мен ғимараттардың маңдайшаларында мемлекеттік тілде жазылған ақпараттық-жарнамалық, ақпарат-насихат материалдарының дұрыс жазылуына әдістемелік көмек көрсету мақсатында Орал қаласының әкімдігі Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен облыстық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып «Қазақша жарнама!» атты акциясын өткізді. Акцияның мақсаты - Қазақстан Республикасының «Қазақстан Респуликасындағы тіл туралы» Заңы талаптарының бұзылу фактілерін анықтап, Орал қаласындағы физикалық-географиялық нысандар, көшелер мен даңғылдар және басқа да нысандардың, мекеме маңдайшаларының, жарнамалық тақтайшалар мен қалқандағы жазулардың, барлық көрнекі ақпараттардың орфографиялық қатесіз, тіл заңдылығы талаптарына сәйкестендіру.Акция ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап бастау алды. Қыркүйек айынан бастап қаламыздың басты Достық, Еуразия даңғылдары, Әбілхайыр, Сырым Датұлы, Шолохов көшелерінде орналасқан нысандардың маңдайшалары тексеріліп, Орал қаласы әкімдігі мен облыстық «Қазақ тілі» қоғамы тарапынан жіберілген кемшіліктерді түзету туралы хаттар ұсынылды.2015 жылғы 26 қазан күні Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай өзге ұлт өкілдері арасында алғашқы рет «Домбыра достыққа шақырады» атты облыстық жас домбырашылардың байқауы өтті. Байқауға облысымыздың Бөкей Ордасы, Теректі, Зеленов және Орал қаласынан 16 жасқа дейінгі өзге ұлт жас өнерпаздар қатысты.

Сонымен қатар шешімін таппай жатырған мәселелер де бар.

Қаланың жаңа шағын аудандарында балалар мен жасөспірімдерге және әлеуметтік топтарға мәдени-көпшілік шаралар мен ақпарат жұмыстарын ұйымдастыру жеткіліксіз.

Қала тұрғындарын сапалы және кең көлемді мәдени - көпшілік жұмыстармен қамтамасыз ету үшін, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне шығармашылық ұжымдардың жұмысын жандандыру үшін, аппаратуралар мен көліктер алу және шығармашылық ұжымдарды қаржыландыру қажет.
Мәдениет мекемелерінің одан әрі тиімді жұмыстар жүргізуі үшін ет комбинаты, 4,6,9 шағын аудандарда, Желаев, Серебряково, Круглоозерное кенттік округтерінде кітапханалар, мәдениет үйлері, балалар аула клубтары жүйесін кеңейту және олардың материалдық-техникалық базасын жақсарту қажет. Атап айтсақ:

- кітапханаларды компьютерлермен жабдықтап, ғаламтор жүйесіне қосу;

- кітапханалық арнайы жиһаздар алу (сөрелер, кітап беру кафедралары, картотека, көрме сөрелері, т.б.);

- қалалық үрмелі аспаптар оркестріне және вокалды-аспаптар ансамбліне музыкалық аспаптар алу;

- кітапханалар мен аула клубтарын ағымдағы және күрделі жөндеулерден өткізу;

- қаланың мәдени ұжымдарына автокөлік алу (орыс халық аспаптары оркестріне, әуенді аспаптар ансамбліне, скрипкашылар ансамбліне) кітапханаларға арналған библиомобиль;

- Сахна және қаланы безендіруге арналған конструкцияларды сақтауға арналған қойма алу.

2016 жылға жоспарланған:

- «Жас шебер» балалар аула клубын күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ дайындау.

- Круглоозерное ауылындағы саябақтың ЖСҚ-ны қайта қарау.

- Музыкалық және дыбыс күшейткіш, жарықтандыру аппаратураларын алу.

- Жаңа ескерткіштер ашу және қайта жөндеу.

- Қаланың мәдениет мекемелерінің ұжымдары мен әртістеріне сахналық костюмдер дайындау.


Мәдениет және тілдерді дамыту

бөлімінің басшысы С.Дүйсентегі

Бас есепші Ә.Ерғалиева

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет