Орал қаласының білім беру бөлімі Дарынды балаларға арналған «Логика әлемі» әдістеме құралы



бет11/38
Дата27.02.2020
өлшемі10,18 Mb.
#59094
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
Байланысты:
0001eff5-36e70d4f


Көзге арналған жаттығулар.

«Мерген көз». Көзіңмен сағат тілінің бағытымен алты рет, сағаттың тіліне қарсы бағытта алты рет дөңгелек сыз.

Тапсырма – 5. Заңдылығын сақтап суретті аяқта. Төрбұрыштарды – көк, дөңгелектерді сары түске боя.

Жауабы: оқушылар суретті мұқият қарап шыққан соң төрбұрыштарды көк, дөңгелектерді сары түске бояп, тізбектегі суреттерді аяғына дейін салады.

Сабақты қорытындылау.
4 – сабақ 2 сынып.

Зейінді шоғырландыруды дамыту

Сабақтың мақсаты.

1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату

2.Қиялдау,елестетуді дамыту

3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу



Сабақтың барысы. Ұйымдастыру бөлімі

Ми гимнастикасы.

«Басты шайқау». Жаттығу ойлау қабілетін жақсартады. Терең демал, иығынды бос ұстап, басыңды алға таста. Денедегі ауырлық түскенше басынды ақырын әрі – бері айналдыр. Иегінді бір сызықтың бойымен кеуде тұсына әкел. Осылай отыз секунд жаттығу жаса.

Ширату.

1.Жисақ – таяқ,

Жазсақ – сая.(қолшатыр)

2. Қабат – қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.(кітап)

3. Құстай ұшар,

Қанатты темір тұлпар.(ұшақ)

4. Орманда тұрады, өзі бір қу,

Жүрген жері у-шу.(түлкі)

5. Қалың киімді ұнатар,



Шешіңдірсең жылатар.(пияз)

Тапсырма №1. Суретті мұқият қара,аяқтап сал.Боя. Қандай фигуралардан тұратынын айт.

Тапсырма – 2. Аралардың гүлдерге баратын жолын көзбен анықта. Торкөзге цифрмен белгілеп жаз. Гүлдерді әртүрлі түске боя. Аралардың қанатын гүлге сәйкесболатындай етіп түрлі түсті қарындашпен боя.

Жауабы: 1 – 2 қызыл, 2 – 4 көк, 3 – 1 сары, 4 – 3 қоңыр түске боялған.

Көңілді үзіліс.

Теңіздегі толқынды бейнелейтін қозғалыс.

Толқиды теңіз – бір!

Толқиды теңіз – екі!

Толқиды теңіз – үш!

Теңіз толқыны, тоқтап қал!

Осы кезде «толқындар» тоқтайды.



Тапсырма – 3. Көгершіндерді сана. Санын жаз.

Жауабы: барлығы 12 көгершін.

Тапсырма-4 Қуыршақты боя.


Көзге арналған жаттығулар.

Уқалау қан айналымын күшейтеді, көз бұлшық ет тарамдарының зат алмасуын жақсартады, көз бұлшық еттерін нығайтады.

a) Үш саусақпен маңдайды дөңгелете уқалап, самайға қарай ауысуы.Уқалаудың алдында және кейін маңдайды сипалау.

ә) Жоғары қарау.Сағат тілі бойынша көзді айналдыра жүгірту.Жоғары қарау.Төмен қарау.Оң жаққа қарау.Сол жаққа қарау. (3-4 рет)



Тапсырма-5.Заңдылықты сақтап, суретті аяқта. Олардың төрт түсті қарандашпен боя.

Жауабы: тізбектегі шаршы екі түрде орналасқан.Олардыкөк, сары, қызыл, қоңыр түске заңдылықты сақтап бояуға болады.Бояу түрлерін балалардың өздері таңдауға мүмкіндік туғызу керек.Сонымен қатар заңдылықты сақтау керектігі ескеріледі.

Сабақты қорытындылау: Не үйрендік?

5-сабақ. 2- сынып

Зейінді шоғырландыруды дамыту

Сабақтың мақсаты:

1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату

2.Қиялдау,елестетуді дамыту

3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу



Сабақтың барысы. Ұйымдастыру бөлімі

Ми гимнастикасы.

Ширату.

Көктайғақта таймау үшін, аттың тұяғына тағылатын темір- таға.

Жарысқа түсетін жүйрік жылқы- сәйгүлік.

Гүл шырынынан ара арқылы алынатын шипалы тәтті тағам- бал.

Ұсақтап туралып, майға қурылатын ет- қуырдақ.

Жылқының майлы етінен ішекке салып жасалатын тағам-қазы.



Тапсырма-1.Саматтың қолында сары,қоңыр және қызыл түсті үш қарындаш бар.Қарындаштарды тиісті түспен сызық арқылы қос:

а) қызыл қарындаш сарыдан,ал сары қарындаш қоңырдан қысқа.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет