Тапсырма № 5 Дауысты дыбысты ауыстырып, жаңа сөз жаз. Сор- ,топ- , шап- ,сап- ,жаз- ,тең- . Жауабы : Сор -сыр, топ-теп, шап -шеп,сап-сән,жаз-жез.тең-тоң,
Тапсырма № 6
Жауабы: а) Ваннада шомылып жатқан қоян.
ә) Әткеншекте отырған бала.
Тапсырма № 7
Жауабы: а) Жоқ. Өйткені екі күннің арасында түн бар.
ә) Қайыңда жапырақ өспейді.
б) Тақырбас
в) 20 үй.Өйткені ол көшенің бір жақ бетіндегі үйлерді екі рет қайталап санады.
Қорытынды:
3- сабақ3-сынып
Балалардың даму деңгейін анықтау
Сабақтың мақсаты:
1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату
2.Қиялдау,елестетуді дамыту
3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақт ың барысы: Ұйымдастыру
Ми гимнастикасы
Ширату
Күннің шығуы -(таң ату)
Мектептегі 45 -минут -( 1-сабақ)
Шарты мен сұрағы бар кішкене әңгіме -( есеп )
Көздің көру қасиетін жақсартатын зат -( көзәйнек)
Күз айларын ата -(қыркүйек ,қазан ,қараша )
Шаршының неше бұрышы бар -( төрт)
Дөңгелектің бұрыштарын ата (жоқ )
Жаз мезгілінен басқа, жылда неше ай бар? -( 9-ай)
Көктемдегі өзен арнасының толуы -( су тасу)
Тапсырма № 1Жауабы: Ұл, қыз,әже -(балалар). Жер,ай, жұлдыз -( түнде көрінетін аспан денелері )
Сатқындық ,адалдық ,қайырымдылық -( адамгершілік қасиеттер ) Шырша, қайың ,раушан ,емен -(ағаштар) Терезе, шатыр, есік, аула -( үй бөліктері )
Тапсырма № 2Қораптың ішін сары ,сыртын көк түске боя.
Көңілді үзіліс.
Тапсырма № 3Шифрді пайдалана отырып, сөздерді оқы.
Тапсырма № 4 Суреттің симметриялы екенін ескере отырып, мына көбелектердің екінші жағын тап.Ол үшін өте мұқият болған дұрыс.Сосын сол көбелектің екі жартысын боя.
Достарыңызбен бөлісу: |