Мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі (психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог, тәрбиеші, педагогассистент): - оқыту қиындықтары бар оқушыларды анықтайды, қиындықтардың сипатын және олардың пайда болу себептерін бағалау мақсатында психологиялық-педагогикалық тексеру жүргізеді; - тексеру нәтижелерін тиісті формаларда құжаттайды; - зерттеу нәтижелері бойынша оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтайды; - оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламаларын жасайды; - оқушылармен жеке және топтық сабақтар жүргізеді; - мұғалімдерге, ата-аналарға, мектеп әкімшілігіне кеңес береді; - психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бағдарламаларын іске асыру нәтижелерінің мониторингін жүзеге асырады; - әлеуметтік серіктестермен өзара қарым-қатынас жасайды.