Оралбай Жанерке В01504-физика, курс Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беру ұйымына қосу мүмкіндіктері



бет1/4
Дата12.02.2022
өлшемі17,94 Kb.
#131593
  1   2   3   4
Байланысты:
ибб 3 семинарлық тапсырма


Оралбай Жанерке 6В01504-физика, 2 курс

3.1 Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беру ұйымына қосу мүмкіндіктері
Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету (көмек) – әр баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқыту мен дамыту үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық шарттар құру барысындағы педагогтар мен мамандардың ұйымдастырылған қызмет жүйесі.


Мектеп ортасын даярлау
Инклюзивті мектеп ортасын дайындау келесі міндетті шарттарды
сақтауды көздейді:
- оқушының мүмкіндіктеріне қарамастан педагогтардың әрбір оқушыны
теңдей қабылдауы;
- білім беру процесінің барлық қатысушылары мен техникалық
қызметкерлердің төзімді мінез-құлық мәдениетімен қамтамасыз ету;
- ЕБҚ бар оқушының жақын даму аймағына сәйкес оқу мақсаттарын
анықтау;
- ЕБҚ бар оқушыны оқудан тыс мектеп іс-шараларына қосу;
- оқушыға қолдау көрсетуде отбасы әлеуетін пайдалану
Мектеп қауымдастығын дайындау мектеп әкімшілігі мен ППҚК мамандарының педагогикалық ұжыммен, оқушылармен, ата-аналармен толерантты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында алдын ала және ағымдағы жұмысын болжайды. Әңгіме, семинарлар, дидактикалық ойындар, әлеуметтік роликтерді қарау, кинофильмдерді, мақалаларды, кітаптарды талқылау сияқты жұмыс түрлері қолданылады.
Білім беру процесіне қатысушылардың қызметтік міндеттері. Директор психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметін (ППҚҰ) құру туралы бұйрық шығарады, ППҚК қызметі, арнайы сыныптардың қызметі туралы ережені бекітеді, мамандардың тиісті міндеттерін бекітеді; мамандардың бағыну иерархиясын және олардың өзара әрекеттесу принциптерін қалыптастырады; басқарудың әрбір деңгейінде ақпаратты жинау және өңдеу тәртібін айқындайды; балалар ұжымының бөлінуіне жол бермейтін жағдайлар жасайды; пәнаралық негізде мұғалімдер мен мамандардың кәсіби өсуіне жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет