Сандық мөлшерлік анализ әдістері және кластарға бөлінуі
Сандық мөлшерлік анализ қазіргі кезде өлшенетін қасиеттеріне қарай жіктеледі. Анықталатын объектінің табиғатына анықтау мүмкіншілігіне, жедел орындалуына және басқа жағдайларын ескере отырып сандық мөлшерлік анализді екі түрге бөледі:
1.Физикалық химиялық анализ әдістері
2.Химиялық анализ әдістері
Физикалық химиялық әдістер заттардың белгілі бір қасиетін зертету кезіндегі химиялық немесе физикалық (спектрлі сызықтардың интенсивтілігінің өзгеруі, ерітіндінің электр тогын өткізгіштің қасиетіндегі өзгерістер, электродтық потенциалдар, элеткр тогы пайда болған заттар мөлшері арасындағы байланыс, радиоактивтік импульстердің, заттың массалары арасындағы байланыс т.б.) қасиеттерінің өзгеруін өте сезімтал приборлар мен құралдар жәрдемімен өлшейді.
Химиялық анализ әдістері анықтайтын иондармен қосылыс түзетін реактивтер арасындағы эквиваленттік қосылыстар таңбаларының массасы, бөлінетін газ көлемдерін, жұмсалатын стандартты реактив ерітінділер көлемдерін өлшеу арқылы жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |