1. 300мл. 0,05н калий перманганатының ерітіндісін нақты мөлшерде дайындау
Титрленген калий перманганатының ерітіндісін осы заттың кристалды тұзынан дайындау мүмкін емес, себебі бұл заттың құрамында аздаған және басқа ыдыраудан пайда болған заттар болуы мүмкін.
Мына теңдеуден көрініп тұрғаны мынау. Су – бұл жерде тотығу – тотықсыздандыру қасиетін көрсетеді, ол перманганат ионды марганецтің қос тотығына дейін тотықсыздандырады, оның ерітіндідегі концентрациясы өзгереді. Сондықтан калий перманганатының ерітіндісін дәл емес, жобалап дайындайды. Оның ерітіндісінің ( ) тұрақты теңдеуін анықтау үшін қара түсті шыныға құйып 7-10 күн сақтайды. Осы уақытта судың құрамындағы өткен қоспа заттардың әсерінен тотықсыздандырғыштар тотығады. Осы процесті жылдамдату үшін ( ) ерітіндісін кейде қайнатады. Сол кезде тұнбаға түскен 7-10 күннен кейін шыны сүзгіш арқылы бөліп алу керек. Осылай дайындалған 0,05н және жоғары нормальды ( ) ерітіндісін өзінің түсін көпке дейін өзгертпейді. Калий перманганаиының ерітіндісінің титрін сусыз натрий оксалатының немесе шавел қышқылының қос гидраты арқылы анықтайды.
300мл/0,3л/0,05 ерітінді дайындау үшін техникалық таразыда 0,01г дәлдікпен мына теңдеу бойынша есептелінген калий перманганатынын өлшеп алады.
=0,05моль/л 31,6г/моль 0,3л=0,4740г
Таразыға тартып алынған тұзды 300мл суда былай еріту керек: ішіне тұз салынған шыны стаканға ыстық суды аздап құю керек, онда сонда түзілген ерітіндіні тұздың кристалынан бөліп алып, арнайы дайындалған ыдысқа құяды. Еруді жылдамдату үшін стакандағы заттарды қозғап араластыру керек. Барлық алынған тұз ерігеннен кейін, оған ұқыпты араластырып, ыдысты пробкамен жауып, қара қағазбен қаптап сақтап қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |