Седиметриялық (тұнба түзу) әдіс
Тұнба түзу әдісте анықталатын затпен жұмысшы ерітіндісінің арасындағы өткен реакция бойынша зерттейтін сандардың көлемдік мөлшерін титриметриялық әдіс арқылы алынады.
Тұнба түзу әдісте реакцияларға келесі шарттар қойылады:
түзілген тұнба практика бойынша ерімеуі керек;
тұнба тез түзілуі қажет;
титрлеу бойынша алынған затқа, қосымша реакция жүрмеуі тиісті;
эквивалент нүктесі, оңай белгіленуі қажет.
Седиметриялық (тұнба түзу) әдісі 4 түрге бөлінеді: аргентометриялық, роданометриялық, меркурометриялық және меркуриметриялық әдістер:
І. Аргентометриялық әдіс:
Аргентометриялық әдісті галогендерді анықтауға қолданылады.
Бұл әдісті – Мор әдісі деп атайды, ол қарапайым әдіс және өте дәл.
Негізгі жұмысшы ерітінді ретінде аргентометриялық әдісте күміс нитрат ерітіндісі қолданылады
Мор әдісінің негізінде күміспен хлор, бром, иод иондарының арасында жүретін реакциялар орнатылған:
Аргентометриялық әдісте эквивалент анықтау үшін бірнеше тәсілдер қолданылады:
эквивалент нүктені индикатор көмегімен анықтау
Фольгард, Мор, Фаянс әдіспен лай ерітіндінің эквивалент нүктесін анықтау.
Мор әдісінде индикатор ретінде калий хроматын қолданылады. Әдістің негізінде қызыл-кирпич түсті тұнба түзіледі. Күміс хроматын титрлеу эквивалент нүктесінде:
Калий хроматымен титрлегенде ортасы =6,5-9 болуы қажет. Егер орта қышқыл болса, хроматының протондануы мүмкін, және индикатордың сезімталдығы кемиді. Ал сілтілік күшейсе =10,5 оксид, я болмаса гидроксид күмісі пайда болады, тұнбаға күміс хроматынан ертерек түседі.
№ 12 зертханалық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |