«Заттар және материалдар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқу мақсаттары:
6.3.1.1 Атом мен молекулаларды, қарапайым және күрделі заттарды айыра білу
6.3.1.2 Атомның негізгі бөлшектерін және олардың орналасуын сипаттау
6.3.2.1 Заттарды органикалық және бейорганикалық заттар күйінде жіктеу
6.3.2.2 Тірі және өлі табиғатта қышқыл, сілтілі және бейтарап ортаны айыра біледі және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтау
Бағалау критерийлері:
Атомның негізгі бөлшектерін және олардың орналасуын сипаттайды;
Заттарды органикалық және бейорганикалық заттар күйінде жіктей алады;
Тірі және өлі табиғатта қышқыл, сілтілі және бейтарап ортаны айыра біледі және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтай алады.
1 Тапсырма. Берілген суреттерге қарап қайсысы қарапайым заттан, қайсысы күрделі заттан жасалғанын табыңыз.
Қарапайым заттан:--------------------------
Күрделі заттан:-------------------------------
2 Тапсырма. Азот атомының моделін бейнелеңіз. Онда 7 протон, 7 электрон, 7 нейтрон бар.
Көк түспен - электрондарды;
Қызыл түспен - протондарды;
Жасыл түспен - нейтрондарды
3 Тапсырма.
а) Органикалық және бейорганикалық заттардың анықтамасын беріңіз.
Органикалық заттар
|
|
Бейорганикалық заттар
|
|
b)Берілген сөйлемде көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып сөйлемді толықтырыңыз.
Заттар…….. және ………жіктеледі. Барлық органикалық заттардың құрамына………элементі кіреді. Ал бейорганикалық заттардың құрамына …… және ……. элементтері кіреді. Органикалық заттар төмен …… және…………… жағдайларымен ерекшеленеді. Мысалы қантты қыздырғанда ……. түсті сұйықтыққа айналғанын байқаймыз.
Кілт сөздер : органикалық, бейорганикалық, көміртек, оттегі, су, балқу, қайнау, қара түсті.