Соданы потенциометриялық әдіспен анықтау
Жұмыстың барысы: рН – метрдің көмегімен соданы потенциометриялық титрлеу әдісімен сандық анықтау. Потенциометриялық титрлеудің техникасы мен танысу. Күшті қышқыл ерітіндісімен соданы титрлеу (гидролизге ұшырайтын екі незізді тұзы) процесін оқыту және эквиваленттік нүктесін анықтау.
Әдістің маңызы: Соданы анықтау әдісі бейтараптандыру реакциясы процесіндегі ерітіндінің рН-қа байланысты электродтың потенциал шамасын өлшеу ге негізделген. График бойынша табылған эквивалент нүктесіндегі HCl-нің көлемі бойынша соданың құрамын шығару пайда болады. рН шамасын өлшеу үшін шыны электроды бар жүйе пайдаланылады. Оның электр қозғаушы күш ерітіндідегі гидролизге ұшырайды:
Сода (Na2CO3) сулы ерітіндіде гидролизге ұшырайды:
І саты: Na2CO3 + Н2О NaHCO3 + NaOH
Ион түрінде: CO-23 + HOH HCO3- + OH- рН>7
ІІ саты: NaHCO3 + H2O NaOH + H2O + CO2
HCO-3 + HOH OH + H2O + CO2
Қышқылмен әрекеттескенде қисық титрлеуді екі секіріс /скачок/ байқалады.
І шабыс: СО-23 + Н+ НСО3 және V1 (HCl)
ІІ шабыс: HCO3- + H+ H2O + CO2 және V2 (HCl) 2 V1 реакциясына сәйкес келеді.
рН шамасы өлшеудің кестесі І-суретте кесінделген рН – метр
рН 121, 673 немесе ионометр ЭВ-74 көп шкалалы құрал. Бір шкала рН бірлігімен цифрленген, ал басқасы милливольттен цифрленген.
Штатив электродтарды және бақылау ерітіндісі бар стаканды қондыру үшін арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |