Қажетті құралдармен, реактивтер:
1.Титрлеуге арналған ерітінді
2.Фенолфталеин индикатор
3.Метилоранж индикатор
4.Өлшеуіш колба
5.Стакан
6.Пипетка
7.Бюретка
8.рН-метр
9.Шыны электрод-
10.Қаныққан күмісхлорлы электрод
11.Магнит араластырғыш
рН метрді өлшеуге дайындық
Құралмен жұмысқа кіріспес алдында міндетті түрде оның инструкциясымен олардың орналасуымен және басқару органдарымен жақсылап танысамыз. 1-суретті қара.
Жұмыстың орындалуы
Құрал толық жиналып болған соң, жұмысқа дайыңдық жасау. Шыны электродты және электрлік кілттің қондырғыларының биіктігі де штативтегі үстелшенің көмегімен тураланады. рН-ты өлшеу кезінде олар ерітіндіге 20-30 мм тереңдікте жүктелуі қажет. Электродтың шарикгі станканның түбіне тимеу керек. Электродтарды ерітіндіге жүктеу үшін міндетті түрде:
электродтар және станкандарды дистилденген сумен жуамыз;
стаканды көтеріп үстелшені солға қарай 900-қа бұрып қоямыз;
стаканды электродтың астына қоямыз;
электродтарды үстелшенің астына бұрып қоямыз;
стаканды үстелшенің ұстіне қоямыз;
100 мл колбаға талданатын ерітіндіні /есептеп/ аламыз/;
таңбаға дейін дистильденген су құйып жақсылап араластырамыз;
аликвотты пипеткамен өлшеп, титрлеуге арналған стаканға құямыз;
стаканды электродның астына қойып , бюретканы титрлейтін HCl ерітіндісімен толтырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |