2.Лабораториядағы жұмыстар туралы Лабораторияда жұмысты жеңілдететін жолдарды қарастыру қажет, жұмыс істеу кезінде аз қаржы, аз уақыт және аз еңбек жұмсап,жоғарғы нәтижеге қол жеткізуге әрекет жасау қажет.Ол үшін:
жұмыс орындағы қүрылғыларды орын-орнына қою;
қажетті қүрал-жабдықтарды, ыдыстарды және аппараттарды
тандап алу;
жүмыс жасаушының жұмысқа жақсы дайыңдығы;
тәжірибе жасау кезінде материалдарды үнемдеп пайдалану керек. Аналитикалық бөлменің жұмыс столы жүмыс шартына сай болуы керек;ол жай столдарға қарағанда биігірек және реактивтік склянкалар және ыдыстар түратын сөрелері болады, столдың жоғарғы жағын линолеуммен немесе басқа затпен қаптайды.
Столдың жоғарғы бетіне әсер етуші заттар, мысалы, қышқылдар мен сілтілер төгілмеуін қадағалау керек. Столға төгілген сұйықтықты тез арада сүртеді. Егер бұл сұйықтық қауіпті болмаса, жай шүберекпен сүртіп, үстінен сумен жууға болады. Ал, егерде концентрлі күкірт, түз, немесе азот қышқылдары төгілген болса,шүберек қолдануға болмайды. Ластанған жерді сода ерітіндісімен жақсылап жуып, 1-2 минуттан кейін шүберекпен сүрту керек. Лабораториялық столдың үстінде артық ыдыстар мен приборлар болмауы керек. Столда тек қана анализ жасауға қажетті заттар болады.
Лабораториялық жәшіктердің біреуінде металдан жасалынған, ал басқасында шыныдан жасалынған заттар сақталады.
Кез-келген лабораториялық столда су ағызғыш крандар, столдың артқы қапталында,әдетте бірнеше суағызғыш крандары бар раковина болады, крандардың біреуі суағызғыш насосқа арналған. Раковинаның жанында құрғақ қоқыс төгуге арналған себет және сүйықтық құюға арналған банка болады.
жалпы қолданылатын ыдыстар;
арнайы қолданылатын ыдыстар;
өлшеуіш ыдыстар;
Сұйықтықтар,ерітінділер және газдардың дәл көлемін алуға қолданылатын ыдыстар;