Оралтаева А. С. Аналитикалық химия. Зертханалық практикумы


Сандық мөлшерлік анализдің жалпы принципі



бет61/155
Дата31.01.2022
өлшемі4,45 Mb.
#116563
түріПрактикум
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   155
Сандық мөлшерлік анализдің жалпы принципі

Сандық мөлшерлік анализдер заттардың иондардың және химиялық қосылыстардың физикалық және химиялық қасиеттері мен концентрациялары арасындағы байланысты анықтауға сүйенеді.

Сандық мөлшерлік анализде жалпы химиялық заңдылықтар, оның ішінде массалар әрекететсу заңы, химиялық тепе – теңдік, иондардың эквиваленттік қосылыс заңы кеңінен қолданылады. Химиялық снадық мөлшерлік анализдердің есептеу техникасында жиі пайдаланатын – эквиваленттік заңдылық. Бұл заңдылық бойынша реакцияға кірісуші әрбір зат екінші затпен тек қатты түрде эквиваленттік қатынаста ғана реакцияға кірісе алады, яғни кез келген заттың эквиваленттік мольдік мөлшері n1(A) екінші заттың тек бір ғана эквиваленттік мольдік мөлшерімен n2 (B) реакцияға қалдықсыз қосыла алады:

А +В С;

B aCl2 + H2SO4 BaSO4 + 2HCl

Сандық анализдің принциптері заттың концентрациясы мен физикалық қасиеттері негізінде құралатындығын жоғарыда айттық.

Оларға:

1.Реакцияға кіретін заттар мен реакция нәтижесінде пайда болатын заттардың арасындағы эквиваленттік заңдылығы:



2.Реакцияға жұмсалатын эквиваленттік молярлық концентрациясы белгілі ерітіндінің көлемімен анықталатын зат көлемдер арасындағы байланыс:



3.Заттардың өзара әрекеттесу (химиялық) нәтижесінде олардың кейбір физикалық қасиеттерінде болатын (тығыздығы, ерітіндінің түрінің өзгеруі және т.б.) өзгерістер мен концентрацияларының арасындағы байланысты өлшеу арқылы зерттеуші щаттың сандық мөлшерін табу:



4.Заттардың белгілі бір жағдайда температураның немесе қысымның өзгеруіне байланысты ішкі структуралық қасиеттерінің өзгеруі мен (оптикалық және басқа да электрондық) концентрациялары арасындағы заңдылық арқылы сол заттың сандық мөлшерін анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет