Кристалды тұнба алу шарттары
Кристалды тұнба алу үшін төмендегі шарттардың орындалуы қажет.
Кристалды тұнбаға түсіруде сұйытылған ерітіндіге сұйытылған тұнба түсіруші реагент ерітіндісін қосу арқылы.
Тұнбаға түсіруші реагент ерітіндіге өте жай, тамшылатып қосу керек. Бұл тұнбаны түсірудің алғашқы кезеңінде өте мұқият сақтайтын шарт. Себебі, титрант көп мөлшерде қосылып кетсе кристалдану орталықтары ерітіндіде көбейіп түзілген кристалдар өте майдаланып кетеді.
Тұнбаға түсіру кезінде, ерітіндіні шыны таяқшамен жылдам араластырып отыру керек, бұл ерітіндінің барлық жерлерде тұнбаға түсу процесін бір қалыпты ұстауға және кристалдардың түсуін жеделдетеді.
Жылы ерітіндіге ыстық реактив ерітіндісін қоса отырып, тұнбаға түсіру керек. Қыздырғанда майда кристалдар еріп, үлкен кристалдардың оңай еріп, өсуіне көмектеседі.
Тұнба түсіріп болғаннан кейін тұнба түсіруші реагентті 1,5 есе мөлшерде артық етіп қосады.
Тұнба түсіріп болғаннан кейін, оған толық түрде кристалдануы үшін
1-24 сағатқа кейін тұнбаны ерітіндінің астында тұндыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |