Оралтаева А. С. Аналитикалық химия. Зертханалық практикумы


Гравиметриялық анализдеу әдістің жалпы сипаттамасы



бет65/155
Дата31.01.2022
өлшемі4,45 Mb.
#116563
түріПрактикум
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   155
Гравиметриялық анализдеу әдістің жалпы сипаттамасы

Гравиметриялық анализ деп – анықталуы қажет ионды элемент немесе белгілі бір химиялық қосылыс түрінде күрделі қоспадан бөліп алып өте дәлдікпен таразыда тартып анықтауды айтады.

Гравиметриялық анализ үш түрлі әдістен тұрады:

1.Анықтайтын ионды газ түрінде айдап, бөліп алып анықтау.

2.Жеке элемент түрінде бөліп алып анықтау

3.Тұнбаға түсіру арқылы анықтау.

И онды газ түрінде айдау (возгонка) әдісі бойынша, ерітіндіге қышқыл немесе сілті қосып анықтайтын ионды газ күйінде бөліп алып анықтайды. Мысалы, айдау әдісімен кристаллогидраттардағы және дымқыл кристалдарды қыздыру арқылы судың мөлшерін, мраморды қыздыру арқылы ондағы   ионының мөлшерін

C aCO3 CaO + CO2 теңдігімен анықтауға болады.

Ионды жеке дара элемент түрінде күрделі құрамнан ажыратып алу арқылы анықтау әсіресе қымбат заттарды алуда пайдаланады. Ол заттарды түрлі химиялық жолдармен әртүрлі қоспадан таза металды ажыратып алып таразыға тартады. Осы жолмен рудадан алтын, күміс, мыс және басқа қымбат металдарды анықтайды.

Гравиметрия ең көп қолданатын әдіс қажетті ионды тұнбаға түсіру арқылы анықтау. Бұл әдіс бойынша құрамын анықтауға қажетті заттың анализге керекті бөлігін таразыда тартып алып, оны ерітеді. Осы ерітіндіден қажетті ионды өзіндік реативпен тұнба түсіріп басқа иондардан сүзу арқылы бөліп алады, оны кептіріп және қыздырып таразыға тартады. Көптеген тұнбалар қыздырған кезде химиялық құрамын сақтамайды, көбінде бірнеше жеке заттарға ыдырайды. Соның үшін түзілген тұнба тұнбалық форма және гравиметриялық формаға бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет