Оразбекова Камшат Диханқызы сабақтың тақырыбы: Медициналық протозоология-Қарапайымдылар типі-Protozoa сабақтың түрі: аралас сабақ



бет7/10
Дата19.01.2022
өлшемі4,34 Mb.
#129519
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Медициналық протозоология-Қарапайымдылар типі-Protozoa
философия тесты
Сабақтың жабдықталуы:

Көрнекті құралдар: Плакат: Паразиттер,слайд, бейне ролик

Үлестірме материалдар: тест тапсырмалары, сөз жұмбақ, интернет материалдары,үлестірме қағаздар

Техникалық оқу құралдары: компьютер,интерактивті тақта.


Сабақтың барысы :

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2-3 минут):

Студенттердің сыртқы келбетіне, формасына қарау. Студенттерді түгелдеу, аудитория тазалығына назар аудару, журнал толтыру және студенттердің зейінін сабаққа аудару.


  1. Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (2-3 минут):

Сабақтың жоспары:

    • Қарапайымдылар типі-Protozoa

    • Саркодалылар класы-Sarcodina

    • Талшықтылар класы-Flagellata

    • Споралылар класы-Sporozoa

    • Инфузория класы-Infusoria

3. Үйге берілген тапсырмаларды тексеру (15-20 мин)

Үйге берілген тапсырма Медициналық паразитология тақырыбын сұрау.Сабаққа дайындықтарын сұрақ-жауап,түрлі тапсырмалар,тест арқылы бағалалау.
3.1.Сұрақтар(интерактивті тақтаны пайдалана отырып жауап беру):


  1. Паразитология ғылымы нені зерттейді?

  2. Медициналық паразитологияның негізгі мақсаттарына сипаттама беріңіз.

  3. Медициналық паразитология қаншаға бөлінеді?

  4. Паразиттер қаншаға бөлінеді?

  5. Паразитология ғылымы қай ғасырда дербес ғылым болып қалыптасты?

  6. Паразитология ғылымының қалыптасуына үлес қосқан ғалымдар.

  7. Паразитология Қазақстанда қай кезеңдерден бастап дамыды?

  8. Экто және эндопаразиттер дегеніміз не?

  9. Табиғи ошақтық ауруларға мысал келтіріңіз.

Жауаптар:

1. Паразитология — паразитизм құбылысын, паразиттер биологиясын, экологиясын және олардың тудыратын ауруларын, паразиттермен күрес шараларын зерттейтін кешенді биологиялық ғылым.

Паразитизм (паразиттік тіршілік ету) биотикалық байланыстардың бірі болып табылады, ол бір ағзаның (паразит) екінші бір ағзаны (иесін) баспана, қорек ретінде пайдаланып зиян келтіру.

2. Медициналық паразитологияның негізгі мақсаттарына мыналар жатады:

- паразиттердің түрлерін дәл анықтау үшін олардың даму кезеңдеріндегі құрылыс-ерекшеліктерін зерттеу. Олардың түрлерін нақты анықтау дәрігерлер үшін өте маңызды, себебі тек осының арқасында паразиттер қоздыратын аурударды дұрыс анықтап емдеуге мүмкіншілік туады;

- паразиттердің және таратушылардың даму ерекшеліктерін зерттеу; бұл паразиттердің табиғатта таралуын және адам ағзасына ену әдістерін анықтауға мүмкіндік береді;

- паразит - ие арасындағы өзара байланыстарды зерттеу;

- паразиттердің зиянды әрекеттерін анықтау нәтижесінде паразиттік ауруларды ғылыми негізде анықтау және емдеу әдістерін қалыптастыру; паразиттермен таратушыларға қарсы күрес және алдын алу шараларын жасау;

- аталған шаралардың бәрі медициналық паразитологияның негізгі мақсаты — паразиттер қоздыратын ауруларды болдырмау және алдын алу жүйесін құруға бағытталады.

Медициналық паразитология ғылымы клиникалық және санитариялық-гигиена пәндерімен тығыз байланысқан.

.

3. Медициналық паразитология адам паразиттерін зерттейтін жалпы паразитология ғылымының бір саласы. Ол, сол сияқты, паразиттерге қарсы күрес шараларын, паразиттер тудыратын ауруларды анықтау, емдеу және алдын алу шараларын да зерттейді. Медициналық паразитология 3 бөлімге бөлінеді: медициналық протозоология-қарапайымдылар типінің адам паразиттерін;





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет