Оразымбетова Анар Дауылбаевна «Тиімді оқыту» пшо жм филиалы Есеп


Диалогтік оқытуды енгізу туралы рефлексиялық есеп



бет3/8
Дата25.01.2022
өлшемі1,41 Mb.
#114665
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Оразымбетова А.Д. Word

Диалогтік оқытуды енгізу туралы рефлексиялық есеп
«Баланы оқытудың мақсаты-оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз-ақ дамуға қабілетті ету» Эдгард Хабард.

Оқу вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау, дәлелдеу барысында жүзеге асады(Барнс 1971). Выготский оқушы диалог құру нәтижесінде ғана білім алады деп жорамал жасайды[1, 35б.]. Александр «диалогтік оқыту ...күнделікті ойталқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауына және түсінбеушілікті жеңе білуіне көмектесе алады»[1, 25б.]. Болашақ педагогтарды даярлау жағдайында оқытудың аталған жағдайлары өте маңызды роль атқарады. Себебі, педагогикалық іс-әрекет тұнып тұрған қарым-қатынас, ол ұжымдық сипаттағы «адам-адам» жүйесіндегі, тілдік қарым-қатынасқа негізделген мамандық иегері. Бұл сабағымыздың мәнін одан әрі аша түскендей.

Диалогтық оқытуды барлық сабақтарда дерлік қолдандым, себебі мен жүргізетін «Педагогика» пәнінің өзі мұны қалап тұрғандай. Студенттердің педагогикалық ойлай білуін және ол ойды өз мәнінде толыққанды жеткізе білуін қалыптастыру біздің пәніміздің негізгі міндеті. Осы тұрғыдан алғанда «Тиімді оқыту» бағдарламасы бойынша үйреніп, сабақтарымда қолданылған әдістер қатарында зерттеушілік әңгіме, кумулятивтік-әңгіме, әңгіме-дебат(Мерсер, 2000)[1,36 б]. РАФТ әдісі, ақылдың алты қалпағы, кинометафора әдісі, бес жолды өлең т.б. болды.

«Зерттеушілік әңгіме» барысында студенттер топтасып педагогика ғылымында Ю.К.Бабанский, В.И.Загвязинский, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин т.б. оқытудың заңдылықтары мен принциптеріне зерттеу жүргізді. Ең алдымен топ ішінде әрбір автордың оқыту принциптері мен заңдылықтар қатарында айтылған тұжырымдарындағы ойдың мән-мағынасын ашып түсінуге әрекет етті, нақты педагогикалық үрдістен мысалдар келтіре отырып талдау жасады. Көрнекілік принципін физика сабағындағы мұғалім әрекетімен байланыстырып, зертханалық сабақтарда түрлі приборларды:зарядтайтын денелер, шыны, эбонит таяқшалар, электроскоп, термометр т.б. тақырыптарын келтіре отырып талдау жасады. Оқытудың өмірмен және еңбекпен байланыстылығы принципін талдау жағдайында «электрлендіру» тақырыбы бойынша адам өміріндегі жарықтың пайдасы туралы күнделікті сабаққа белсенділік танытпайтын студент мен оқушыларға үйіңде жарық болмаса қайтер едің деген сұрақтықою арқылы оның өміріндегі жарықтың мәнін талдауға жағдай туғызатынын айтты.

Оларда ортақ проблема болды, соны шешу үшін бірлесіп әрекет етті, идеяларымен пікір алмасты, бір-бірінің идеяларын талқылады, баға берді, бірігіп ойланды, әркім өз болжамдарын ұсынды.


Рафт стратегиясында «Оқыту әдістері және оларға сипаттама» тақырыбына қатысты көрнекті авторларымыздың тұжырымдарын белгілі бір рольдерді таңдау арқылы аудиторияға нақты формада жеткізуге тапсырмалар берілді. Мысалы: 1 топ.  В. А. Сухомлинский: «Сөз — ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың…»- деп оның маңызына ерекше назар аударады. Оқытудың сөздік әдістеріне байланыстырып алынған бұл хабарламаны білім алушылар оқытушының лекция сабағындағы әрекетімен көрсетті.Әйтсе де, бұл топ студенттерінің әрекеттері сәтсіз шықты. Олардың таңдап алған формасы аудиторияға үлкен әсер қалдырмады, мұнда диалог жүзеге аспады, сөздің оқыту әдісі боларлық мүмкіндіктерін олар пайдалана алмады. Топ студенттері сөздік әдістің маңыздылыығы, ролі жөнінде монотонды дәріс оқу арқылы ғана бере алды. Бұл болшақтағы іс-әрекетімізде тәжірибенің басқа түрін таңдау туралы ой салды.

2 топ. Ы. Алтынсаринның пікірін келтірейік: «Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шүбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек».Алтынсариннің бұл ойын білім алушыларымыз мектеп мұғалімінің роліне ену арқылы педагогикалық жағдаятпен көрсетті.Оқытушы тарапынан студенттердің өз «қойылымдарында» тақырыптан ауытқымай, оқу материалын толық ашып, көрсетуін қадағалау жүзеге асты.Білім алушылар өздеріне берілген проблемадан шығудың түрлі жолдарын іздеу арқылы диалогке енді.

Диалогтық оқыту білім алушыларға:

-тақырып негізінде ойларын білдіруге, оны түсіндіруге мүмкіндік туғызды;

-басқалардың түрлі ойларымен санасу, түсінісу, келісімге келу;

-өз идеяларын дәлелдеулеріне мүмкіндік берді;

-болашақ мұғалімдік мамандықты бейнелеу арқылы, мұғалімнің ролін түсінуге көмектесті. Бұл топ студенттері өздерінің қойылымдарында актерлік шеберлікпен қоса әдістің мәнін түсіне отырып, оны мұғалімнің іс-әрекетімен байланыста көрсетті. Сабақ барысында орын алған бұл көрініс Карл Роджерс тұжырымдағандай білім беру қисын мен интуиция, зияткерлік пен сезімді қамтыды. Оның ойынша, елеулі немесе тәжірибегенегізделген оқудың сипаттамасы өз бастамасы бойынша жүзеге асырылады. Түрткі немесе стимул сырттан жасалған күннің өзінде, жетістікке жету, оны түйсіну және түсіну сезімі іштен шығады(К. Роджерс,1983)[1,21б]. Жоғарыда келтірілген ойға сүйенсек, студенттердің сабақтағы іс-әрекеті осы ойды жүзеге асырғандай.

« Оқыту әдістері және оларға сипаттама» тақырыбындағы сабақта кинометафора әдісібойынша «Улыбка Моно Лизы» фильмінен бейнесюжет берілді.Тақырыпқа қатысты бұл бейнесюжетті талдауда студенттердің ой-пікірлерін, логикалық ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасалды. Студенттер оқытушының тап болған ситуациялық жағдайын көре отырып, оның іс-әрекетіне қатысты ойларымен бөлісті, қай жерде қателік жібергендігі туралы әркім өзінің пікірін дәлелдеді. Оқыту үрдісіндегі маңызды іс-әрекеттер туралы ойланды, әдістерді таңдап алуға қойылатын шарттар туралы ойларын білдірді.Бұған қоса,жеделдетілген топ студенттері оқытушының жіберген қателігін «сабаққа кіретін сынып туралы алдын-ала зерттеу қажеттігін», олардың алдындағы өзін-өзі ұстау, өзіне деген сенімсіздігі туралы айта келіп,іс-тәжірибеден өткен кезеңдегі өз тәжірибелеріменбөлісті және мұндай ситуациялар өздерінің басында да болғанын айтты.

Топтар арасында берілген тапсырманы орындау барысында талқылау, сыни тұрғыдан ойлай отырып өз ойларын дәйектеп келтіруге, әрекетті талдауға, талқылауға машықтанды, сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты, бірлесіп ойлау негізінде диалог құрылды. Диалог студенттердің өз ішінде:



-студенттер мұғалімді сыйламай тұр.

-жоқ, бұл жерде студенттердің білімі мұғалімнен жоғары болып тұр, оларға сабақ қызықсыз.Өйткені олар оның барлығын біледі.

-жоқ олар бұл пәнді бұрын оқыған шығар.

-мұғалім алғашқы кірген кезде-ақ өзіне-өзі сенімсіз болды, студенттер соны бұл жерде пайданалып тұр.

Менің тарапымнан қойылған сұрақтар:Мұғалім қандай қателік жиберді? Студенттердің әрекетін қалай түсіндірсіздер? Олардың бұлай жасауының себебі не деп ойлайсыздар?

Диалогтік тәсілдің білім алушылардың ашылуына, өз ойын жеткізуіне, сөздік дағдыларының молаюына, ойлауға машықтануға көмектесетінін түсіндім.

Оқуда сөз, сөйлеу негізгі рөл атқарады(Выготский). Сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтты(Банрс 1971). [1, 35б.]. «Қазіргі мектептегі білім мазмұны»тақырыбындағы сабағымда «Бэкроним» әдісін қолдандым.Әдістің ережесі бойынша сөзде берілген әріптер бойынша мағыналы сөйлем құралады. Сөздер бастапқы әріптен басталуы шарт. Біздің алып отырған сөзіміз «Білім мазмұны». «А» есімді студент бұл ұғымға талдау жасай отырып, оның білім беру үрдісіндегі рөлін, сипатын, маңызды жақтарын атап өтті. Логикалық ойлау қабілеті артты, сөздік дағдысы жетілді, өзіне берілген проблеманы шешу үшін жұмыс барысында ұғымның мәніне үңіліп талдау жасады. Айтылым, жазылым дағдысына машықтанды.Студенттердің тарапынан қойылған нақтыланатын сұрақтарға жауап берді, бастапқы әріптермен ұғымды сипаттай отырып жүйелі, логикалық байланысы бар, білім мазмұнын түсіндіретін әңгіме ойластырып шығарды. Бұны тыңдап отырған басқа студенттер де бұл ұғымның мән-мағынасы туралы толықтай ақпарат ала алды.

Оқыту тәсілдері мен стратегияларының тиімділігі туралы студенттердің бағалау пікірлерін мынадай SMS рефлексиялар арқылы ала алдым. Бұл рефлексиялар арқылы олар алдағы уақыттағы сабақтарыма алдын-ала бағыт беріп отыр.

Алдағы уақыттағы сабақтарымда мына төмендегі жайттерді ескеріп, жетілдіру қажет деп есептеймін:сабақтың әрбір минутын есепке алу, уақытпен санасу, әдістерді таңдауда сабақтың мақсатын, студенттердің мүмкіндіктерін есепке алу, ұйымдастырушылық жақтарына жоғары көңіл қою, көрнекіліктерді тиімді қолдануға мән беру, сабақты бағалауды жүзеге асыруды тыңғылықты ойластыру, студенттерді жоғары деңгейде ойлау жағдайына жеткізуді жоспарлау, сабақ барысында әдістерді қолдануда студенттердің оларды ойын түрінде емес, өз мәнінде қабылдап, дұрыс түсінулерін қадағалау,үнемі ескертіп отыру арқылы әдіс-тәсілдерге деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, топтық жұмысты бағалауды жетілдіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет