Оразымбетова Анар Дауылбаевна «Тиімді оқыту» пшо жм филиалы Есеп


Дарынды жəне талантты балаларды қоса алғанда, түрлі жастағы балалардыңқажеттіліктерін ескеру мақсатында оқуды саралау стратегияларын енгізутуралы рефлексиялық есеп



бет7/8
Дата25.01.2022
өлшемі1,41 Mb.
#114665
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Оразымбетова А.Д. Word

Дарынды жəне талантты балаларды қоса алғанда, түрлі жастағы балалардыңқажеттіліктерін ескеру мақсатында оқуды саралау стратегияларын енгізутуралы рефлексиялық есеп
Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл-ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе[1,67 б.]. Талантты немесе қабілетті үнемі анықтай отырып ... мұғалімдер өздерін «дарынды бақылаушылар» ретінде көрсетуге тиіс[Eyre and Lowe, 2002] жоғарғы оқу орнындағы іс-тәжірибе уақытында бұл басшылыққа үнемі ұстанған ой болды. Балалардың қабілеттіліктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет...[1,67 б.]. Осы жағдайды туғызу мақсаты біздің тәжірибелік сабағымыздың өн бойында қарастырылды. Оның басты себебі, менің тәжірибелік оқу тобымдағы студенттер қатарында тілінің мүкістігі бар студентің болуы. Сонымен қатар, бакалавр деңгейінде оқитын студенттермен бірге жеделдетілген топ студенттерін қосып оқыту, осы мақсатта жұмыс жасауды талап етті. Өйткені, жеделдетілген топ студенттері «Педагогика» пәнін орта кәсіптік оқу орынында төрт жыл бойы оқып меңгеріп келген.

Іс-тәжірибелік кезеңде дарынды және талантты балалармен жұмыс жасауда саралау тапсырмаларды таңдаудан, нақты студенттен күтілетін нәтижеден, студенттің жекелеген қабілетін есепке ала отырып оқу материалы мен ресурстарды таңдауға жекелей қолдау көрсетуден тұрды. Қосымша көмек көрсетуді қажет ететін студентпен жұмыс жасауда қарым-қатынас саласында қолдау, өзара әрекеттенуіне жағдай тудыру әрекеттерін орындаудың студент үшін өте маңызды екендігін сезіндім. Бұған дейін мұндай проблеманың бар екендігін сезіп, біліп жүрсемде, оны үйлестіруде көп ізденісті талап ететіндіктен мән бермей жүрген болатынмын. Курс бадарламасы арқылы ол мәселені шешудің бірнеше жолдары бар екендігіне көзім жетті.

Ж оғарыда аталған бағытта жұмыс жасауды «Білім беру мазмұны тұтас педагогикалық үдерістің коспоненті» тақырыбындағыекінші өткізілген сабағымда атом-молекула топқа бөлу әдісін қолдану арқылы жеке ерекшелігі бар студентті саралауды ұйымдастырдым. Топқа бөлу сәтінде жеке ерекшелігі бар студенттің жұп құру сәтін күтіп, оны саралап алдым. Дара жұмысты орындаушы студентке білім мазмұны ұғымын талдауға сәйкестендіру тесті берілді; жұп құраған студенттерге берілген тапсырма бүгінгі сабақ тақырыбы бойынша тест тапсырмасын құру болды, құрылған тест арқылысабақ соңында бағалауды жүзеге асыру көзделді.

Тест құру жұмысын орындау аталған студентке еш қиындық келтірген жоқ. Себебі, оның теориялық білімі, өзіндік пікірі, көзқарасы бар. Сұрақтарды құрастыруда нақты, анық, түсінікті бере алған. Жұптасқан студент ресурсты пайдаланып тақырыптың маңызды тұстарын іздеп көрсетіп олар бір-бірін толықтырып отырды. Әрекет барысында студент өзін еркін, сенімді, жұптасқан студентті бағыттай отырды.

Қабілеті жоғары студенттерге сабақ мазмұнында күрделі болып есептелетін нақты құжаттарды талдаумен айналысуға жағдай туғыздым. Жеделдетілген топ студенттерінің саны 5, олардың бұл курсты орта кәсіптік оқу орнында 4 жыл оқығандығын және мектептегі іс-тәжірибеде болғандығын ескеріп тақырып бойынша білім беруді анықтайтын құжаттарға(оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқулық) талдау жасау тапсырылды.Аталған студенттер құжаттарды теориялық жағынан оқу жоспары қандай құжат, оның мектеп жұмысын ұйымдастыруда қандай ролі бар, мазмұны, ерекшелігі неде т.б. Іс-тәжірибе кезеңіне шолу жасай отырып сабақ кезінде, мұғалімдермен қарым-қатынас жағдайында кездескен кейбір ситуацияларға талдау жасай отырып бөлісті.Оқу бағдарламасы оқушылардың игеруге тиіс білім, іскерлік, дағдылардың сипатын көрсететін негізгі құжат. Оның түрлеріне сипаттама жасап, оқу бағдарламаларының бөліктері жайында талдап көрсетті.Оқулықтың мұғалім жұмысындағы атқаратын қызметі, оқушының дамуында қандай роль атқарады, сабақ процесіне қолдануға қандай тиімділігі бар, оқулықтарға қандай талаптар қойылады т.б.

Қабілеті жоғары студентпен(жеделдетілген топ студенттері)жұмыс жасауды іс-тәжірибеде ұйымдастыру үшін «Оқыту әдістері және оларға сипаттама»деген тақырып бойынша қолданған кинометфора әдісі бойынша көрсетілген кино үзіндісін талдауда топ студенттеріне екі сұрақ қоюды ұсындым. Мұндағы ойым қойылған сұрақтар арқылы студенттердің мұндай сәттерде қандай ойда болатынын, олар үшін не маңызды(оқыту, қарым-қатынас, мұғалім т.б.) екендігін білу, болашақ мұғалімдік қызметте икемділіктері бар ма, ситуациядан шыға білу қабілеттіліктері қандай. Студенттердің қойған сұрақтары:мұғалім не үшін өзін бұлай ұстады?, Мұғалімге не жетіспеді? Бұдан шығатын қорытынды, студенттер оқыту үрдісінің беткі жақтарын ғана сезіп, түсіне алады. Оның астарына үңіліп терең ойлау дағдылары дамымаған.

«Рафт» әдісі бойынша ролдерді бөлу кезінде студенттердің мінез-құлық ерекшеліктеріне сәйкес бөлуге жағдай туғызып, студенттерге ой қосу арқылы саралауды ұйымдастыру. Атап айтатын болсақ, эмоцияны кім жақсы келтіре алады, сезімді беру қай студентке оңай, берілген мәтін бойынша мұғалімнің роліне кімді алған тиімді, қай рольге кімнің образы тура келеді деген сияқты мәселелерде студенттерге кеңес беруді орындап отырдым.

Іс-тәжірибелік кезеңнің алғашқы сабағынан кейін студенттер арасынан жаңа тақырыпты түсіндіруге уақыт жібермей-ақ қойыңызшы, біз дәріс сабағында бұл тақырыпты талдадық, уақытты түрлі әдістермен талдау жұмысына арнаңызшы деген ұсыныс жасағандары болды. Студенттердің үніне құлақ асып, бұдан кейінгі сабақтарымызда бұл жағдайды тиімді жолмен шешуге тырыстым. Тақырыптың өзектілігін талдап проблема тастау, оны шешуге әдіс-тәсілдерді пайдалану негізінде олардың үнін ескердім.

Бұл модуль менің ойымша білім алушылардың қажеттілігі аясында, таңдаған мамандықтары бойынша педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға қабілеттілігін қанағаттындыруды қамтиды. Тәжірибелік кезеңде осы бағытта қамтылған ойлар, кез-келген тақырыптың мазмұнында қозғалған идеяларды мамандықтың ерекшелігіне қарай бағыттау, қолданылған әдіс-тәсілдердің студенттердің мамандықтарына сай пәндер бойынша тиімділігі, мысал келтіріп түсіндіруде пәннің ерекшелігін ескеру т.б.

Топ студенттері қажеттіліктерін ескеру «Микс» жаттығуын орындауда бөлінген топтар бойынша тапсырма беруде олардың мүшелерінің мүмкіндік жағдайын есептей отырып беруді жүзеге асырдым. Атап кетсек, топтағы жеке ерекшелігі бар студенттің жағдайына байланысты оларға эссе жазу тапсырылды. Университеттің ішкі қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, өнер жағынан хабары бар екендігін көрсетіп жүрген студенттің тобына берілген тірек сөздерді бір әннің мелодиясына салып, топпен орындауға тапсырма берілді. Нәтижесінде студенттермен жұмыс барысында оларды үнемі зерттеуді, шығармашылық тапсырмаларды жиі беруді, саралауды, қажеттіліктерін ескеруді әдетке айналдырудың өте маңызды екендігіне көзім жетті.

Тәжірибелік сабақтарды жүргізу барысында мен шешімін таба алмаған бір мәселе «Д» есімді студенттің ерекше жағдайы. Бұл студенттің топ студенттерімен пікірі үнемі сәйкес келмей жатады, өзі ойлаған дүниелерін түсіндіру жолы қиын, көп оқып, көп ізденеді, ойлау жағдайы бөлек. Бір орында отырып тапсырма орындау, сабақ үстінде жазу, сызумен айналысуы өте қиын.Түрлі проблемалардың шешімін үнемі іздеп, эксперимент жасап жүреді. Бұл тәжірибелік кезеңде ол студентті іс-әрекетке мүлдем тартпады деген сөз емес, жұмыс жасату барысында басқа студенттрге кедергісін келтіріп, ұзақ түсіндірулерден кейін ғана орындалып жатқан уақыттар көп болды.

Алдағы уақытта дарынды және талантты балалармен жұмыс жасауды жетілдіру арқылы, мәселені оңтайлы шешудің жолдарын қарастыру.Студенттерді кеңінен оқытуға ықпал ететін оқу бағдарламаларын кеңейту және барлық суденттердің осындай қажеттіліктерін қанағаттандыратын оқыту мен оқудың сараланған стратегияларын таңдау жөніндегі идеяларды жүзеге асыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет