Топырақ экологиясы Жануарлар мен өсімдік экологиясы .Су экологиясы
Мұғалім:Айналадағы қоршаған ортаның әсері адам денсаулығын нығайтып, еңбекке деген ынтасын арттырады, организмнің үйлесімді дамуына мүмкіндік туғызып, бос уақытты жан-жақты тиімді пайдалануға ықпал жасайды. Адам табиғат пен Жер-ананың төл перзенті. Табиғат тіршілік көзі, сондықтан да табиғи заңдылықтарды қатаң сақтау керек.
Осы тақырыпта Қадыр Мырза Әлінің мынадай өлең шумақтары бар:
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті, ерікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алаған секілді. (Қ.Мырза Әлі.)
2 тапсырма Үй жұмысы сурет салу қорғау
І топқа “Табиғатты қорғау, аялау”
ІІ топқа “Табиғатты не істесек біз бүлдіреміз” деген тақырыпта сурет салу
Сайыскерлерімізді бағалаймыз
1 .Енді «Киностудио» аялдамасына тоқталайық. «Экология-өмірдің соғып тұрған жүрегі» бейнефильмін көру. (2-3 мин)
«Сұрақ-жауап» аялдамасы.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады.
1.Қоршаған орта дегеніміз не?
2.Экология дегеніміз не?
3.Қорық дегеніміз не?
4.Сіз табиғат қорғау үшін не істедіңіз?
Екі топтың жауабын бағалаймыз.
«Қасірет» аялдамасы. «Арал тағдыры»мини слайд көрсетіледі. Енді балалар осы аталған экологиялық аймақтардың ішіндегі Арал саяхатпен жалғастырамыз.
«Арал тағдыры» мини слайд қандай ой түйдіңдер?
Екі топтың жауабын бағалаймыз.
5.«Ой шақыру»аялдамасы.
“Табиғатта тепе-теңдік бұзылса, табиғат заңы бұзылады” –дей келе
“Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте”- деген ұғымды негізге ала отырып, “Тіл өнер” ойыны ойналады.Оқушыларға тапсырма беріледі, мақал-мәтелдердің жалғасын табады.
Таулы жер бұлақсыз болмас
Сұлу жер құлақсыз болмас
Су-ырыстың көзі
Еңбек кірістің көзі
Тау мен тасты су бұзар
Ел арасын қу бұзар
Судың да сұрауы бар
. 6. “Жер – Ана мен саған табынамын” Екі топтың жауабын бағалаймыз
Сайысымыздың жалғасы Өнер аялдамасы, сайыскерлер өз өнерін көрсетеді.Қалдық заттардан бұйымдар жасайды оларды не үшін жасағанын түсіндіреді.
Екі топтың өнеріне баға беріңіздер Каспи тобы, Арал тобы.
Тыйым сөздер аялдамасы екі топ тыйым сөздерді айтып жарысады. . «Ұлттық – тәлім тәрбие» аялдамасы.
«Шығармашыл» тобының қазақтың экологиялық тыйым сөздері, мақал – мәтелдері, нақыл сөздері бойынша жарысын
Тоқтап қалған топ жеңіледі топтың бағасы.
Достарыңызбен бөлісу: |