42. Белгілі қасиеттеріне қарай шындық құбылысты білдіретін сөздің басқа бір құбылысқа атау болуынан туатын мағына – А) тура мағына;
В) ауыс мағына;
C)синтагмалық мағына.
D) метафоралық мағына;
E) метонимиялық мағына.
43. Алдыңғы сөздің соңғы дыбысының әсерімен келесі сөздің басындағы дауысты дыбыстың түсіп қалуы. Элизияға қарама-қарсы құбылыс. A)элизия;
B) анлаут;
C) протеза;
D) метатеза;
E) аферезис.
44. Түбірге жалғанып грамматикалық немесе сөзжасамдық мағына тудыратын сөз бөлшегі – А) морф;
B) аффикс;
C) морфема;
D) негіз морфема;
E) түбір морфема.
45. Үндіеуропалық және германдық шуыл дыбыстардың 1818 ж. Р.Раск ашқан, 1822 жылы Я.Гримм жүйеге келтірген тұрақты сәйкестігі – А) Гримм заңы;
В)Уорф-Сепир теориясы.
46. Бұл теория бойынша, тіл адамның табиғи дыбыстық белгілеріне еліктеуінен туған – A) одағай теориясы;
B) еңбек айқайы теориясы;
C) коммуникативтік теория;
D) дыбысқа еліктеу теориясы;
Е)эмоционалды-экспрессивті
теория.
47. Белгілі бір қоғамдық салада табиғи тілдерді қолдану тиімсіз немесе мүмкін болмаған жағдайда жұмсалатын, қолдан жасалған ұлтаралық, халықаралық қатынас құралы – A) тайпа тілі.
B) халықтық тіл;
C)табиғи тілдер;
D) жасанды тілдер;
E) мемлекеттік тіл.
48. Тіл дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі – А)руна жазуы;
B)буын жазуы;
С)Египет жазуы;
D) дыбыстық жазу;
E)пиктографиялық жазу.