10
фонемасы (с) с отцом, з (з братом), ж (ж женой), ш (ш шурином) дегенде
сөйлеу әрекеті үстінде тіл дыбыстарының позициялық қолданыстарын
байқаймыз.
Ленинград фонология мектебінің негізін салушылар Л.В.Щерба,
С.И.Бернштейн, Л.Р.Зиндер, М.И.Матусевич тілдің дыбыстық жүйесін
зерттейтін фонологиялық мектеп ретінде қалыптасты. Л.В.Щерба фонеманы
сөз бен оның формаларын бөлшектеп көрсетуге қабілеті бар тіл бірлігі ретінде
қарастырады. Ленинград фонология мектебінің
негізгі бағыты ̶ фонеманың
лингвистикалық (әлеуметтік) табиғатын сөйлеу қызметімен байланыстыра
зерттеу.
Лексикология – тілдің лексикасы және оның тарихи даму заңдылықтары,
сөз мағынасының атқаратын қызметі туралы ілім. Зерттеу мақсатына қарай
сипаттамалы лексикология, тарихи лексикология және
салыстырмалы-
салғастырмалы лексикология болып бөлінеді. Лексикологияның бір-бірімен
тығыз байланысты бірнеше тармақтары бар:
терминология, этимология,
диалектология, ономасиология, фразеология, семасиология.
Сөзжасам ‒ тілдің атау жасау процесін жүзеге асырады. Қазіргі қазақ
тілінің сөзжасамдық жүйесі ұзақ уақыт дамудың нәтижесі. Тіліміздің сөзжасам
жүйесі өз бастауын көне түркі тілінен алады, содан бергі уақытта үнемі
толығып, дамып, қазіргі жүйелі дәрежеге жеткен. Сөзжасам процесі өмірде
пайда болған жаңа ұғымдарды атау қажеттігін өтеу үшін қызмет етеді. Қазақ
тілінің сөзжасам жүйесінде көне түркі дәуірінен қолданылып, әбден орныққан,
қалыптасқан сөзжасамның негізгі үш тәсілі бар:
- синтетикалық тәсіл;
- аналитикалық тәсіл;
- лексика-семантикалық тәсіл.
Сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздердің бәрі сөзжасам
процесінің нәтижесіне жатады. Сондықтан туынды сөздер тілдің сөзжасам
саласының зерттеу нысаны болып табылады, әрі сөзжасам процесінде негізгі
орын алады.
Тіл білімінде сөзжасам жүйесі, сөзжасамдық мағына және сөзжасамдық
тәсілдер жайлы жазылған тілдік зерттеулер көптеп кезедеседі. Түркі тілдеріне
ортақ теориялық мәселелер А.Н.Кононов, А.М.Щербак, И.А.Батманов,
Н.А.Баскаков,
Е.С.Малов,
Б.А.Серебренников,
Н.З.Гаджиева
сынды
ғалымдардың еңбектерінде талданды. Қазақ тіл ғылымында А.Байтұрсынов,
Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, А.Ысқақов, М.Томанов, Ә.Қайдар, Б.Сағындықұлы,
11
Р.Әмір, Н.Оралбаева, Б.Қалиев, Ж.Манкеева, А.Салқынбай, Б.Қасым т.б. тілші-
ғалымдардың ғылыми еңбектері қазақ тілінің сөзжасам жүйесінің бағытын
айқындап берді.
Грамматика –тілдің грамматикалық құрылымын, сөздердің түрлену
жүйесін зерттейтін тіл білімінің ең үлкен саласы. Зерттейтін нысанына қарай
грамматика екі салаға бөлінеді:
синтаксис және
морфология. Морфология–
тілдегі сөздердің формасын, түрлену, өзгеру жүйесін зерттейді.
Синтаксис–
тілдегі сөз тіркестерін, олардың байланысу амал-тәсілдерін, жай және
құрмалас сөйлем құрылысын зерттейтін сала. Қорыта айтқанда, тіл-
құрылымдық және жүйелілік сипатқа ие бір бүтін жүйе.
Достарыңызбен бөлісу: