8
фактілер мен тілге тән құбылыстарды зерттегенде, олардың синхрондық және
диахрондық жақтарына көңіл бөлу.
Сөйлеу әрекеті адамзаттың
ойлау,
дүниені тану және оны
қабылдау
сияқты психикалық әрекеттермен тығыз байланысты.
Тіл мен ойлаудың
байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, философия мен
логиканың, сондай-ақ психологияның күрделі мәселелердің бірінен саналады.
Ойлау әрекеті тіл арқылы жүзеге асады, ойымыз тіл арқылы жарыққа шығып,
басқаларға жеткізіледі. Сол себепті А.Байтұрсынұлы: «Сөз өнері адам
санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға, 2) қиялға, 3) көңілге. Ақыл ісі –
аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі –
меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына,
бейнесіне
ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау. Тілдің міндеті –
ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің
түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса,
тіл шама-қадарынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын.
Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде, көңілдің түйгенін түйген
күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек», – деп
жазады (1, 343).
Дыбыстық сөйлеу тілі де, абстрактілі ойлау да – адамзат баласына тән
психикалық әрекеттер. Сөйлеу тілі мен ойлау әрекеті – адам санасының
туындысы. Сөйлеу әрекеті ауызша не жазбаша формада іске асады, демек
адам өз ойын тыңдаушы жаққа ауызша не жазбаша түрде тілдік бірліктер (сөз,
сөз тіркесі, сөйлем, мәтін) көмегімен жеткізе алады. Адам санасында қоршаған
ортаның бейнеленуі
түйсік, қабылдау және
елестету әрекеттері
арқылы іске
асады.
Түйсік– қоршаған ортаның сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, мәнді
және мәнсіз белгілерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-
түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін тағы басқа қасиеттерін танудың алғашқы
сатысы. Сол себепті т
үйсік өзге психикалық әрекеттерге (қабылдау, ойлау,
қиялдау) ақпарат жеткізуші ретінде қызмет атқарады.Мысалы, көзге түскен
жарық сәулесі қозу туғызады, ал ол жүйке талшығы арқылы үлкен ми
сыңарларының қыртысына келген кезде адамда көру түйсігі пайда болады.
Қабылдау
– қоршаған ортаның сезім мүшелеріне әсерінен туатын нәрсенің
жалпы бейнесі.
Болмыстағы заттар мен құбылыстар
белгілі бір уақыт пен
кеңістік аралығында орналасқан. Уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан нәрсе
болмайды. Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың сын-сапасы,
қасиеті, мөлшері, көлемі, алыс-жақындығы сияқты белгілердің санамызда
бейнеленуі қабылдау әрекеті арқылы жүреді.
Елестету – санада бұрыннан
қалыптасқан зат, құбылыс немесе іс-әрекет негізінде жаңа түсініктер, ойлар
мен бейнелер жасауға қатысатын психикалық әрекет.