Сабақтың тақырыбы: Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары



Дата06.04.2022
өлшемі380,08 Kb.
#138112
түріСабақ
Байланысты:
Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік ҚМЖ 9 сынып



Бөлім: Әлемдегі қақтығыстар мен бейбітшілік

МЕКТЕП: Орал қаласы ФМБ НЗМ
ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІ мен ӘДЕБИЕТІ




КҮНІ:

МҰҒАЛІМ: Сралиева М.Б.




СЫНЫП: 9 Т1

ОҚУШЫ САНЫ:

КЕЛМЕГЕНДЕР:




Сабақтың тақырыбы:




Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

9.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу




Сабақтың мақсаты




Бағалау критерийлері

  • Мәтін мазмұнын түсіне алады;

  • Сұрақтарға дұрыс жауап береді.

  • Мәтіндегі ақпараттарды қолдана отырып, күрделі жоспар құрады.

  • Өз ойын дәлелдер келтіре отырып білдіре алады.




Пәнаралық байланыс

Жаһандық перспективалар мен жобалық жұмыстар пәні,
Қазіргі әлемдегі Қазақстан пәні




Құндылықты дарыту

Жарқындылық, бір-біріне деген құрмет




Сабақ барысы




Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Ресурстар



Басы
10 минут

10 минут

15 минут


Қызығушылықты ояту


Ой талқы

  • Оқушыларға әлемдік қақтығыстар, бейбітшілікке қатысты суреттер беріледі.

  • Суреттердің бір-бірімен байланысы туралы айтады;

  • Олар суретке қарай отырып, тақырыпты болжайды.

  • Әлемдегі болып жатқан қақтығыстар туралы білетін ақпараттарымен бөліседі.

  • Өз ойларын нақты дәлелдер арқылы дәлелдейді.





Оқушыларға жаңа тақырып пен сабақтың оқу мақсаттары таныстырылады.


Оқылым мәтіні
БҰҰ 70 жылдығы: Қазақстан Ұлттар қоғамдастығы арқылы адамзатқа ортақ проблемаларды шешуге өз үлесін қосуға ұмтылады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты - оның Жарғысы. Тарихи деректерге қарағанда, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде - орыс, ағылшын, қытай, француз және испан тілдерінде әзірленіп, 1945 жылдың 26 маусымында оған Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталған конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны ратификациялауына байланысты күшіне енді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдастықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр. Қазіргі уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымына 193 мемлекет мүше. БҰҰ жұмысы Ұйымның Жарғысында көрсетілген мақсаттар мен ұстанымдар негізінде айқындалады. Жарғыға сәйкес БҰҰ кең ауқымды өкілеттікке ие. Ол бейбітшілік пен қауіпсіздік, климаттың өзгеруі, тұрақты даму, адам құқығы, қарусыздану, лаңкестік, гуманитарлық және төтенше жағдайлар, гендерлік теңдік, азық-түлікті басқару, өндіру және өзге де маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдайды.


Сұрақ_–_жауап'>1-тапсырма: Сұрақ – жауап
Оқушылардың мәтін мазмұнын қаншалықты меңгергендіктерін тексеру үшін оқушы өз жұбына сұрақ құрастырады. Ал жұбы сұраққа жауап береді.
Үлгі:

Сұрақ

Жауап



Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болу қаншалықты маңызды?

БҰҰ-ға мүше болу арқылы мүше ел бейбітшілік пен қауіпсіздік, климаттың өзгеруі, тұрақты даму, адам құқығы, қарусыздану, лаңкестік, гуманитарлық және төтенше жағдайлар, гендерлік теңдік, азық-түлікті басқару, өндіру және өзге де маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдауға атсалысады, өкілеттіліктерге ие болады.







Мұғалім оқушыларға жоспар түрлерін таныстырады.
Мәтін мен тақырыпқа қатысты қажетті ұғымдардың бірі – жоспар.
Жоспар – мәтін мазмұнының ықшам, нақ әрі жүйелі берілген тірек-негізі.






2-тапсырма:
Берілген мәтінді негізге ала отырып, күрделі жоспар құрыңыз.


Бағалау
Мұғалім оқушы жұмысын дескрипторға сай бағалайды.


Дескриптор:

  1. Мәтіндегі ақпараттарды қолдана отырып, күрделі жоспар құра алады;

  2. Күрделі жоспар құрудың құрылымын сақтайды.



https://www.inform.kz/kz/buu-70-zhyldygy-kazakstan-ulttar-kogamdastygy-arkyly-adamzatka-ortak-problemalardy-sheshuge-oz-ulesin-kosuga-umtylady_a2821152




Соңы
5 минут


Сабақтың соңында бағалау критерийлеріне қайта оралып, сабақты қорытындылау. Кері байланыс.
Рефлексия






Қосымша





Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік ережелері
АКТ сілтемелері Құндылықтар сілтемелері














Рефлексия
Сабақмақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістеренгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)



1:
2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)



1:
2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім




Күрделі жоспар

Тезистік жоспар

Жай жоспар

Мәтін бөлімдерінің тақырыпшалары мен азат жолдардың негізгі мазмұнына қатысты атаулары қамтылады.

Мәтіндегі маңызды бөлім атаулары мағыналық компоненттерімен бірге ұсынылады.

Мәтіндегі маңызды бөлімдердің атауы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет